Ғылыми жаңалықтар

Термоядролар үшін мәліметтер базасы жасалды

22.10.2018

4312

«2015-2017 жылдарға арналған ДЦ-60 ауыр иондарын үдеткіш негізіндегі физика, химия және озық технология салаларындағы кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту» (Ядролық физика институты шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК) бағдарламасы бойынша:
- иондар шоғырын үдету режимінің әртүрлі сипаттамасы зерттелді, аталмыш режимдегі үдеткішті баптау бойынша ұсыныстар әзірленді. Темірдің иондар шоғырын үдетудің оңтайлы режимі дегеніміз тоқ текше көрсеткіштері бойынша тұрақты және ядролық-физикалық тәжірибені жүргізуге жарамды. Радиациялық тұрақтылығы жоғары материалды жасау үшін құрастырымдық материалдарды нейтронды (реакторлы) сәулелендіруді жылдам үлгілеумен айналысатын зерттеуші тобының темір ионы шоғырына сұранысы ерекше;
- зарядты бөлшектерді сәйкестендіру және тіркеуді DЕ-Е әдісін пайдалану арқылы зертханалық жүйе координатында 20 қадаммен 100-нан 600-қа дейінгі бұрыш интервалында 1.5 және 1.75 МэВ/нуклон энергиясында 12С көміртек ядросында 20Nе неонның иілгіш шашырау ионының дифференциалды қимасы өлшенді. Дифференциалдық қима 10%-дан аспайтын дәлсіздікпен алынды.
- термоядролық қосымшалар үшін төмен және өте төмен энергия кезінде 14N+16О, 20Ne+16O және 20Ne+12C жүйесіне арналған ядролық реакциялар шығысын теориялық және эксперименттік зерттеулер нәтижесі бойынша мәліметтер базасы жасалды. Базаның негізін ДЦ-60 ауыр ионы үдеткішінен алынған эксперименттік мәліметтер және олардың әртүрлі теориялық тәсіл аясындағы талдаулары құрайды. Оптикалық шама мен спектроскопиялық факторлар параметрінің физикалық дәлелді мағынасы бекітілді. Айырбас механизмдерді есепке ала отырып иілгіш шашырау қимасын қалыптастыру механизмі анықталды;
- титан никелидтің сәулеленуге дейінгі аустенитті құрылымдық-фаза жағдайындағы үлгі қасиеттері мен құрылым зерттелді. титан никелидінің аустенитті құрылымдық-фаза жағдайындағы пішін жадының тиімділігі және құрылымына 141 МэВ энергиямен ксенон ионын сәулелендіру температурасысын әсері анықталды. Сәулеленуден кейін аталмыш үлгілердің беткі қабатының құрылымын зерттеу орындалды. Тректі құрылымдарда ксенон газының жинақталуы, сонымен бірге 2500С кезінде ксенон ионының сәулеленуі нәтижесінде түрлендірілген қабаттың орнығуын өлшеу әдісінің шамасынан асуы анықталды. Титан никелидінің пішін жадының тиімділігі максималды температура сипаттамасы (Мн = 147.5 K, Мк = 137 K) флюенсқа дейін 1×1019 ион/м2сәулеленуден кейін байқалады. Анықталған заңдылықтарды титан никелиді негізіндегі түрленген қоспаларды тәжірибе жүзінде қолдану кезінде есепке алу керек.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар