Ғылыми жаңалықтар

Қостанай және Қарағанды облысы аумақтарында кешенді экологиялық бағалау жүргізілді

17.10.2018

4369

«Зымырандық-ғарыштық саланың қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына кері әсерін барынша азайту әдістері және экологиялық қауіп-қатерді бағалау жүйесін дамыту» бағдарламасы аясында (Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, «Ғарыш-Экология» Ғылыми-зерттеу орталығы» РМК):
- «Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағының тұрғындар денсаулығы мен өмір сапасына әсері, экологиялық ахуалы туралы ғылыми-дәйекті мәліметтер алынды, қоршаған орта нысандарындағы ғарыштық жанармай кешендері құрамын сандық химиялық талдау саласы бойынша әдістемелік әзірлемелер ұсынылды;
- 2007 жылы Қарағанды облысында «Протон-М» тасығыш-зымыранының апаттық жағдайда құлауының Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы аумағындағы іргелес маңдағы үй жануарлары мен тұрғындары денсаулығы, тіршілік ортасы қоршаған орта нысандарының жай-күйіне әсері көрсеткіштерінің 10 жылдық динамикасында анықталған заңдылықтар бағаланды;
- Қарағанды және Қостанай облыстары шекарасында орналасқан аумақтарда Ю-3 (РП 27, 30, 45, 46, 71) аймақтарын аудандастыру және кешенді экологиялық бағалау жүргізілді;
- алынған ғылыми нәтижелер бойынша (электронды мәліметтер базасы, картографиялық материал) ұсыныстар әзірленді;
- ҚР-ның өлшеу мемлекеттік жүйесі тізілімінде «ҚазМетрИн» РМК-да тіркелетін масс-спектроскопиямен (ГХ-МС) газды хроматография әдісі негізінде формальдегидтің массалық концентрациясын өлшеу әдісінің жобасы ұсынылды;
- зертханалық жағдайда симметриялық емес диметилгидразиннің химиялық трансформациясы үдерісін үлгілеу бойынша жұмыстар жүргізілді;
- уытсыздандыру өлшемі бойынша әзірлеу және ластануды бақылауды мақсатты түрде жүргізу кезінде алынған нәтижелерді қолдану бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсынымдар ұсынылды.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар