Ғылыми жаңалықтар

Құтыру ауруына қарсы вакцина жасаудың технологиясы әзірленді

23.02.2018

5023

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҒЗИ-нің ғалымы, б.ғ.к. Ж.Қ. Қошеметов жабайы жануарларың ауруларын алдын алудың кешенді шараларын зерттеді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында 699 құсқа сынама жүргізілді және А тобы құс тұмауына оң нәтиже көрсеткен 39 құс анықталды және 11-і батыс Ніл безгегі, 32-сінен Ньюкасл ауруының белгілері байқалды. 3 сынама кезінде жарқанаттардан да А тобы құс тұмауы анықталды. Кері транскрипция-полимеразалық тізбек реакция (КТ-ПТР) әдісі бойынша құтыру вирустарын сәйкестендіру кезінде ПТР-өнімдерді көптеп дайындауға мүмкіндік беретін арнайы праймерлер мен амплификация реакциясын бекітудің қолайлы жағдайы таңдап алынды. Ауески ауруына жасалған диагностиканың ИФТ-тың (Иммуноферментті талдау) тікелей нұсқасы барысында әр түрлі сынамаларды зерттеу (гомологты, гетерологиялы және қалыпты антигендер) кезінде жоғары ерекшелік пен сезімталдық көрсетті. Кез келген биологиялық үлгідегі Ауески ауруын қоздырғыштарды сәйкестендіру үшін ПТР-НУТ-ті (Полимеразалық тізбек реакция-Нақты уақыт тәртіптемесі) орнату жағдайы оңтайландырылды. Нәтижесінде VRC-RZ2 штаммы негізінде құтыру ауруына қарсы вакцина жасаудың технологиясы әзірленді.
Зерттеу тақырыбы бойынша 33 мақала жарық көрген, оның 23-сі шетелдік басылымдарда жарық көрген. 2014 жылға дейінгі мәліметтер бойынша сақталған құжаттар – 8, ҚР патенті – 3, патентке берілген өтінім –
3, Авторлық куәлік – 2.
Зерттеу нәтижесінде алдын алу және даигностикалық препараттарына НТҚ-ның 4 жиынтығы, құтыру вирусына, ауески ауруына, құс тұмауы мен Ньюкасл ауруына ұсынымға НТҚ-ның 5 жиынтығы рәсімделді және бекітілді.
Осылайша Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса қауіпті инфекциялармен күрес және алдын алудың кещенді шаралары әзірленді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар