Ғылыми жаңалықтар

Топырақты азотпен байытатын «Ризовит-АКС» тыңайтқышы жасалды

22.02.2018

4990

Микробиология және вирусология институтының профессоры, б.ғ.д. А.Қ. Саданов топырақты биологиялық азотпен байытатын «Ризовит-АКС» жаңа биопрепаратын жасады деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында штаммаларды сұрыптау және түйнекті бактериялардың жоғары деңгейде нитрогеназды белсенділік пен бәсекеге қабілеттілігін көрсететін жұмыстар жүргізілді. Түйнекті бактериялардың сұрыпталған 5 штаммаларынын алудың технологиялық үдерісінің кестесі жасалды. «Ризовит - АКС» препаратының соя, асбұршақ, ноқат, жасымық, жоңышқа, түйежоңышқа серияларын өндірудің технологиялық регламенті жасалған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде «Ризовит - АКС» препаратының сериялары масштабты түрде шығарылуға техникалық жағдайлар жасалды.
Топырақты минералды азот тыңайтқыштарымен байытқаннан гөрі, таза биологиялық азотпен байытқан маңызды. Биологиялық азот түйнек бактерияларының көмегімен атмосферадағы таза азотты сіңіру арқылы топырақ құрамына жинақталады екен. Аталмыш препарат өсімдіктің өнімін арттырып, топырақты да табиғи биологиялық таза азотпен байыта түседі екен. «Ризовит-АКС» биопрепараты бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өнімділігін арттырады, топырақтың құнарлылығын жақсартады, бұл өз кезегінде азто тыңайтқышын қолдану мөлшерін азайтады және қоршаған ортаны сақтауға, энергоресурстарды үнемдеуді қамтамасыз етеді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар