Ғылыми жаңалықтар

Омыртқа жарақаттарын кешенді емдеудің инновациялық технологиясы қолданысқа енгізілді

06.02.2018

4500

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының профессоры, м.ғ.д. Х. Мұхаметжанов омыртқасы бірнеше және қосарлас жарақат алған емделушілерді кешенді емдеудің инновациялық технологиясын жасады деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеуге омыртқасының жарақаты бар және ауру салдары бар 321 емделуші және омыртқасының дегенеративті ауыруынан зардап шегетін 756 науқас қатысты. Мойын омыртқаның тұрақсыз және асқынған жарақатын жедел емдеу толыққанды жарақаттық деформацияны жоюға, емделу уақытын азайтуға әсер етеді.
Қосарлас жарақат алған науқасты, ең алдымен, жарақаттық шок жағдайынан шығарады және науқас өмірін аман алып қалу жолында жедел шаралар жүзеге асырылады, екіншіден, мүшелерді сақтауға арналған ота жасалады. Жарық ауруы кезінде алғашқы ота жасау түскен бөліктерді алып тастаумен ғана шектелсе, кейінгі оталар жүйке-қан тамыр құрылымын жаншылудан босату және омыртқаны тұрақтандыруға бағытталады. Заманауи О-arm әдісі арқылы омыртқаға жасалған отаның дұрыстығын бақылауға мүмкіндік береді.
Жоба бойынша 49 мақала жарық көрсе, соның 27-сі шетелдік басылымдарда жарияланған.
Зерттеу нәтижелері ТОҒЗИ-дың №1 травматология бөліміне қолданысқа енгізілген. Есепті кезеңде жарақаты бар және ашық және жабық, инвазиві аз жағдайда омыртқасының дегенеративті ауруынан зардап шегіп жүрген науқастарды емдеудің 13 әдісі енгізілді. Бұл әдістерді қолдану арқылы науқастың жағдайын толықтай жақсартуға болады.
Тұрақты емес және омыртқаның асқынған жарақаты кезінде жедел емдеу шаралары жарақатты деформацияны жоюға, емдеу уақытын азайтуға, оңалтуды ерте тиімді аяқтауға ықпал етеді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар