Ғылыми жаңалықтар

Мұнайды магнитті өңдеу технологиясы өндіріске енгізілді

07.02.2018

4167

Магистральді құбырлармен мұнай қоспаларын тасымалдау тәсілін өндіріске енгізуді Реотехнология институтының профессоры, х.ғ.д. Шейх-Али жүзеге асырды деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында «ҚуатАмлонМұнай» компаниясында мұнайды магнитті өңдеу технологиясының 2 тәжірибелік-өнеркәсіптік сынағы өткізілген. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ нәтижесі парафині жоғары мұнай тасымалын магнитті өңдеу технологиясының тиімділігі жоғары екенін көрсетті. Мұнайды магнитті өңдеу мұнай қоспаларының қатуы 3-60С температураға қосымша төмендеуіне алып келеді. Мұнайдың қату температурасының төмендеуімен қатар тұтқырлығы да орташа есеппен 10-12%-ға төмендейді және АСПТ-ның ингибирлеу дәрежесін 15-30%-ға арттырады. Осы ретте «ҚуатАмлонМұнай» компаниясы әзірленген технологияны лицензиялық келісім жасалған.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар