Ғылыми жаңалықтар

Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты ғалымдары тиімді тік өске орнатылған жел қалақшасын ойлап тапты

10.02.2017

5578

Ш.Шоқин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты ғалымдары тік өске орнатылған жел қалақшаларының жаңа түрін ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі.

Маңызды ғылыми жұмыстың жетекшісі т.ғ.д., академик Марат Қошымбаевтың айтуынша, жаңа жел қалақтарын жасауда ізденушілер еліміздің кез келген өңірінде тиімді жұмыс істеуіне баса мән берген. Қазіргі таңда жаңа жел қалақшасының патент пен математикалық моддельі дайын. Соныман қатар тік өске орнатылған желқалақшасының тәжірибелік нұсқасы да бар.
«Жасыл экономиканы» дамытуға баса мән беріп отырған Қазақстан үшін мұндай маңызды ғылыми жобаларды іске асырудың маңызы зор. Бүгінде Қазақстандағы кеңес дәуірінде тартылған электр желілілері әбден тозып, олардың бойымен өтетін электр қуат көзінің 15 пайызы жоғалып кетіп жатқаны жасырын емес. Осылайша мемлекет алыс өңірлерге электр қуатын жеткізуде орасан зор шығынға батуда.



Егер Ш.Шоқин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты ғалымдары ойлап тапқан жаңа жел қалақшаларын өндіріске енгізсек, жердің шалғайлығына қарамастан кез келген шағын шаруашылықты қажетті қуат көзімен қамтамасыз етуге болады. Жаңа құрылғыны Қазақстанның кез келген аймағында орнатып, қажетті қуат көзін алуға болады. Мамандардың есептеуінше, тік өске орнатылған жаңа жел қалақшасы өнідірген 1 кВт/сағат қуат көзі көмір сутек пен атом энергетикасымен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін алға тартып отыр.



«« | »»
Соңғы жаңалықтар