Ғылыми жаңалықтар

Ұйқысы қанған адам сырт көзге ақылды, парасатты болып көрінеді - ғалымдар

09.03.2016

5205

Жаңа зерттеу ұйқысы қанған оқытушылар барынша ақылды, ал жұмыс берушілер перспективалы болып көрінетінін, сондай-ақ олардың жұмыс қабілеттілігі артатынын көрсетті, деп жазады planet-today.ru.

Зерттеушілердің пікірінше, ұйқысы қанған адамдардың қабағы көтеріңкі болып, тұнжырап жүрмей, көңілді жүреді. Әрі барынша ақылды, тартымды болып көрінеді.

Сент-Эндрюс (Шотландия) Университетінің психологтар тобы 190 адамды зерттеуден өткізді. Олардың бет-пішіні арнайы бағдарлама арқылы зерттеліп, көңіл-күйлері таразыға салынды.

Сосын, 200-ден астам адамнан тұратын сараптамалық топтан осы адамдардың тартымдылығы мен парасатын бағалауды сұрады. Нәтиже қабағы сәл түсіңкі, шаршаңқы тартқан адамның ақыл-парасаты төмен болып көрінетінін көрсетті. Ғалымдар сол қатысушылардың ұйқысы қанып оянған кездегі суреті мен жөнді ұйықтамағаннан кейінгі суреттерін көрсеткен. Қабағы салыңқы, тұнжыраңқы адамдарда зияткерлік қасиет төмен болып көрінген.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар