Хабарландыру

2018-2020 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есептерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2018-2020 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есептерді қабылдау туралы хабарлайды. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының (өзг. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығы) қағидасына сәйкес есептерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады. ​ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 40-тармағына сәйкес орындаушылар уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады. ​Бұл ретте, Келісім-шарттың 5.2-тармағына сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы бюджет кірісіне әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның жалпы сомасынан 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуыңызды сұраймыз. ​Орындаушылар есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет: 1) Есептерді тапсырғанға дейін Орындаушылар ҚР «Ғылым туралы» Заңының 20-бабына сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ-ның rating.nauka.kz сайтында орналастырылған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі туралы сауалнаманы толтыруы қажет (мемлекеттік тіркеуге ұсынар алдында); 2) Есептер ЖМСТ (ГОСТ) 7.32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген). Есептер ұйымның іліспе хатымен қабылданады; 3) Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі, сондай-ақ ағылшын тілі (міндетті); 4) Есептің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі көлемі (қосымшаларды есепке алмағанда): - гранттық қаржыландыру бойынша – 40 беттен артық емес; -бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша – 60 беттен артық болмауы тиіс; - есептің көрсетілген беттерінің көлемін есептеу «Кіріспе» бөлімінен бастап «Қорытынды» бөліміне дейін жүргізіледі.
5) Ағылшын тіліндегі есепте пайдаланылған дереккөздердің тізімі және жарияланған еңбектердің тізімі ағылшын тіліне аударылуы тиіс, жақшада жарияланымның түпнұсқаның тілі көрсетіледі; 6) Жоба шеңберінде мақалалар жарияланған халықаралық журналдар үшін Web of Science базасындағы квартиль және/немесе Scopus базасындағы процентиль жарияланым жылы үшін немесе есепті тапсыру сәтіндегі соңғылары көрсетілуге тиіс; 7) 2018-2020 жылдарға арналған Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері (ағылшын тіліндегі есепте күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері мен WORD форматындағы ағылшын тіліндегі аудармасы қоса беріледі); 8) Есеп жобаны орындаудың барлық жылдарындағы зерттеулердің неғұрлым маңызды нәтижелерін қамтуы тиіс; 9) Қорытындыда алынған нәтижелерді қолданудың ықтимал тәсілдері және/немесе әзірлемелерді енгізу және коммерцияландыру жөніндегі ұсынымдар көрсетілуі тиіс; 10) Есепке жобаны іске асыру нәтижесінде дайындалған ғылыми-техникалық өнім (жаңа технологиялар, әдістемелер, бағдарламалық қамтамасыз етулер, техникалық құжаттамалар, проблемаларды шешуге арналған ұсынымдар, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, географиялық, геологиялық, сейсмикалық және басқа да карталар, жаңа материалдар, заттар, жабдықтар, препараттар, құралдар, емдеу хаттамалары және басқалар) немесе ол туралы фотосуреттері, сондай-ақ Интернет желісіндегі бейне және басқа да материалдарға сілтемелері бар ақпарат қоса берілуге тиіс. Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ-ның Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.

Файл

2085

Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік тіркеу бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есеп қандай құжатқа сәйкес рәсімделеді?
Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есеп ГОСТ 7.32-2017 «Зерттеу жұмысы туралы есеп» Мемлекетаралық стандартына сәйкес рәсімделеді.

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепті тіркеу тәртібі қандай?
Жауап: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №149 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және Ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығымен өзгертулер енгізілді) Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларына сәйкес.

Сұрақ: Ғылыми жобалар/бағдарламаларды және олардың орындалуы туралы есептерді электронды түрде тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет алудың қандай жолдары бар?
Жауап: Электрондық түрде – «ҰМҒТСО» АҚ www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі арқылы.

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте орындаушылардың тізімі қалай рәсімделеді?
Жауап: Орындаушылар туралы мәлімет бағанда болуы керек. Сол жақта орындаушылардың лауазымдары, ғылыми дәрежелері, ғылыми атақтары көрсетіледі, содан кейін түпнұсқаға қол қою үшін бос өріс қалдырылады, оң жағында аты - жөні мен тегі көрсетіледі. Әр фамилияның жанында, жақшада, нақты бір орындаушы қатысқан бөлімнің (кіші бөлімнің) нөмірі көрсетілуі керек.

Сұрақ: www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ғылыми жобаның жетекшісі мен орындаушылары ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есептің орындалуын қалай растай алады?
Жауап: «Есеп авторы» бөлімінде ғылыми жоба жетекшісі және орындаушылар есепті ЭЦҚ арқылы растайды.

Сұрақ: 2020 жылға арналған бағдарламалық-нысаналық немесе гранттық қаржыландыру бойынша қорытынды есептерін is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде ашылатын тізімінен қандай объектіні таңдау керек?
Жауап: 1) Бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру бойынша қорытынды есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесіне ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде «Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есептері 2020» таңдау керек.
2) Гранттық қаржыландыру туралы қорытынды есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесіне ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісіне «Гранттық қаржыландыру есептері 2020» таңдау керек.

Сұрақ: Бағдарламалық-нысаналы немесе гранттық қаржыландыру бойынша аралық есептерін is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде ашылатын тізімінен қандай объектіні таңдау керек?
Жауап: 1) 2020 жылғы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы аралық есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде ашылатын тізімнен «Бағдарламалық нысаналық қаржыландыру есептер 2020» таңдау керек.
2) 2020 жылға гранттық қаржыландыру туралы аралық есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ұсынған кезде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде ашылатын тізімнен «Гранттық қаржыландыру есептері 2020» таңдау керек.

Сұрақ: Рефератта не қамтылуы керек?
Жауап: Есептің жалпы көлемі, есептегі кітаптардың саны, суреттер, кестелер, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар, түйінді сөздер тізімі, реферат мәтіні туралы мәлімет.

Сұрақ: Реферат мәтінінің оңтайлы көлемі қандай?
Жауап: Реферат мәтінінің оңтайлы көлемі – 850 баспа белгісі, бірақ машинада басылған мәтін бір парақтан аспауы керек.

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте қандай міндетті құрылымдық элементтер болуы керек?
Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте міндетті құрылымдық элементтер: титул парағы, орындаушылар тізімі, реферат, мазмұны, кіріспе, ҒЗЖ есебінің негізгі бөлімі, қорытынды.


Сұрақ: Есепте дереккөзге сілтеме қалай рәсімделеді?
Жауап: Сілтеменің реттік нөмірі араб цифрларымен мәтіннің соңында квадрат жақшада беріледі.

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте сызбалар, графиктер, схемалар, компьютерлік шығарылымдар, диаграммалар, фотосуреттер қалай рәсімделеді?
Жауап: Суреттер (сызбалар, графиктер, схемалар, компьютерлік шығарылымдар, диаграммалар, фотосуреттер) есепте мәтінінен кейін, олар бірінші рет аталған жерде немесе келесі бетте (мүмкіндігінше есеп мәтінінің тиісті бөліктеріне жақын) орналастырылуы керек. Суреттер араб цифрларымен нөмірленуі тиіс.

Сұрақ: Кестенің атауын қалай орналастыру керек?
Жауап: Кестенің атауы кестенің үстінде сол жақта абзацтық бос жер қалдырылмай орналастырылуы керек.

Сұрақ: Кестенің бір бөлігін келесі бетке ауыстыру қалай жасалады?
Жауап: Кестенің бір бөлігін басқа бетке ауыстырған кезде «Кесте» сөзі, оның нөмірі мен атауы кестенің бірінші бөлігінің үстіндегі сол жағында бір рет, ал келесі бөліктерінде «Кестенің жалғасы» сөздерін жазу арқылы кесте нөмірі көрсетіледі.

Сұрақ: Басқа бетке ауысқан кезде кестені шектеу керек пе?
Жауап: Кестелер сол, оң, жоғарғы және төменгі сызықтармен шектеледі.

Сұрақ: Графикалық материалдың немесе кестенің ескертпелері қалай жасалады?
Жауап: «Ескертпе» деген сөздің асты сызылмай, абзацтық шегіністен бас әріппен жазылады. Ескертпелер осы ескертпелер жататын графикалық материалдан немесе кестеден кейін орналастырылуы керек.

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде мемлекеттік есепке алу үшін ҒЗЖ туралы есепті кім растайды?
Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепті мемлекеттік есепке алу үшін ұйым басшысы ЭЦҚ қол қоюы арқылы жібереді.

Сұрақ: Формулаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар қандай?
Жауап: Есептегі формулалар жолдың ортасына орналастырылады және есеп барысы бойынша реттік нөмірі жақшаның ішінде араб цифрларымен жолдың оң жақ шеткі жағында белгіленуі керек.

Сұрақ: Қандай жағдайда есепте міндетті «Орындаушылар тізімі» құрылымдық элементі болмауы мүмкін?
Жауап: Егер есепті бір орындаушы орындаған жағдайда, оның лауазымы, ғылыми дәрежесі, тегі және аты-жөні титулдық бетте көрсетіледі.

Сұрақ: Есеп мәтініндегі тізілімдер қалай рәсімделеді?
Жауап: Есеп мәтінінде тізілімдер рәсімдеу кезінде тізілімдердің әрбір элементінің алдына сызықша қойылады (шеңберлер, квадраттар емес).

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте сілтемелер қолдануға бола ма?
Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте қосымша түсіндірмелер қажет болған жағдайда сілтеме түрінде рәсімделеді (жоғарғы әріптік араб цифрларымен немесе жұлдызшамен (*).

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте бөлімдер мен бөлімшелер қандай құрылымдық элементтен тұрады?
Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есептің негізгі бөлімінде. Есептің негізгі бөлімі бөлімдерге, бөлімшелерге және тармақтарға бөлінеді.

Сұрақ: Қосымшаларда кестелер мен суреттер қалай рәсімделеді?
Жауап: Әрбір қосымшаның кестелері мен суреттері араб цифрларымен жеке нөмірленіп, нөмірдің алдына қосымшаның белгісін қосумен белгіленеді.

Сұрақ: Есептің құрылымдық элементтерінің тақырыптары қалай рәсімделеді?
Жауап: Құрылымдық элементтердің тақырыптарын жолдың ортасында, соңында нүктесіз, бас әріптермен, қою шрифтпен орналастыру керек. Есептің әрбір құрылымдық элементі және әрбір негізгі бөлігінің бөлімі жаңа беттен басталады.

Сұрақ: Қою шрифт қандай жағдайларда қолданылады?
Жауап: Қою шрифт тек бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары, құрылымдық элементтердің тақырыптары үшін қолданылады.

Сұрақ: Есеп мәтініне қандай талаптар қойылады (шрифт түсі мен өлшемі, беттің параметрлері, абзац шегінісі)?
Жауап: Шрифт түсі қара, шрифт өлшемі кем дегенде 12 бт. Есеп мәтіні келесі жиектерді сақтай отырып басылуы керек: сол жақ - 30 мм, оң жақта - 15 мм, жоғарғы және төменгі жақта - 20 мм. Абзацтық шегініс есептің бүкіл мәтінінде бірдей және 1,25 см-ге тең болуы керек.

Сұрақ: Кестелер мен қосымшалардағы суреттер қалай рәсімделеді?
Жауап: Әрбір қосымшаның кестелері мен суреттері араб цифрларымен жеке нөмірленіп, цифрдың алдында қосымшаның белгісін қосумен белгіленеді.

1583

2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша аралық есептерді қабылдау туралы хабарландыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша аралық есептерді қабылдау туралы хабарлайды.

«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының (өзг. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығы) қағидасына сәйкес есептерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 40-тармағына сәйкес орындаушылар уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептерді ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

Бұл ретте, Келісім-шарттың 5.2-тармағына сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы бюджет кірісіне әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның тиісті ағымдағы сомасынан 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуыңызды сұраймыз.

Орындаушылар есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет:

Есептерді тапсырғанға дейін Орындаушылар ҚР «Ғылым туралы» Заңының 20-бабына сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ-ның nauka.kz сайтында орналастырылған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі туралы сауалнаманы толтыруы қажет (мемлекеттік тіркеуге ұсынар алдында);
Есептер ЖМСТ (ГОСТ) 32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген). Есептер ұйымның іліспе хатымен қабылданады;
Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі;
Есептің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі көлемі (қосымшаларды есепке алмағанда):
- гранттық қаржыландыру бойынша – 40 беттен артық емес;

- есептің көрсетілген беттерінің көлемін есептеу «Кіріспе» бөлімінен бастап «Қорытынды» бөліміне дейін жүргізіледі.

Жоба шеңберінде мақалалар жарияланған халықаралық журналдар үшін Web of Science базасындағы квартиль және/немесе Scopus базасындағы процентиль жарияланым жылы үшін немесе есепті тапсыру сәтіндегі соңғылары көрсетілуге тиіс;
2020-2022 жылдарға арналған Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері;
Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ-ның Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.

https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/109456?lang=kk

1744

ХАБАРЛАНДЫРУ! Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік тіркеу және олардың орындалуы туралы есептер бойынша сұрақтарыңыз болса, «ҰМҒТСО» АҚ байланыс-орталығына хабарласыңыз: тел. +7 (727) 378-05-20 (Хамидуллина А.С.); JivoChat «ҰМҒТСО» АҚ is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде. (Елеукенова Қ.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік тіркеу және олардың орындалуы туралы есептер бойынша сұрақтарыңыз болса, «ҰМҒТСО» АҚ байланыс-орталығына хабарласыңыз: тел. +7 (727) 378-05-20 (Хамидуллина А.С.); JivoChat «ҰМҒТСО» АҚ is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде. (Елеукенова Қ.А.)


2178