EXPO-2017

Астанада энергияның таза қайнар көзі жобасы таныстырылатын болады

21.10.2015

10683

Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы «Парасат» Ғылыми-технологиялық орталығымен бірлесе отырып «ЭКСПО-2017 аясында Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған таза энергия көздерін жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша орындалатын жобалардың тұсаукесерін өткізеді.

Тұсаукесердің мақсаты - қазақстандық ғалымдардың жаңғыртылатын, баламалы энергетика, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында әзірлеп жатқан перспективті ғылыми-техникалық жобаларын таныстыру болып табылады.

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы энергетика министрі В. Школьник, «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармас төрағасы А. Есімов, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Н. Абықаев, Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаев, министрліктердің, ұлттық компаниялардың, ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.

Өткізу уақыты мен күні: 2015 жылғы 20 қазан, 16:00 сағат. Көрмеге қатысушыларды тіркеу 15:30 басталады.

Өткізу орны: Астана, «Астана – жаңа қала» АЭА «Led System Media» компаниясының аумағы.

Дереккөзі: edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар