EXPO-2017

WEC: Мұңай мен газдың зерттелген қорлары адамзатқа жарты ғасырдан сәл ұзаққа ғана жетеді.

18.10.2013

6701

Адамзатқа мұңайдың зерттелген қоры 56 жылға, газ-55 жылға, көмір- 100 жылға жетеді. Бұл туралы World Energy Council /WEC/ «Әлемнің энергетикалық қорлары 2013» жыл сайынғы баяндамасында айтылады.

Аталған есептер мұңайдың қол жетімді қоры 223 млрд тоннаға, газ-209 трлн кубометрге, көмір-891 млрд тоннаға бағалануына негізделіп шығарылған. Баяндама бүгін Оңтүстік Кореялық Тэгудегі 22- Әлемдік энергетикалық конгрессте ұсынылған.

Сарапшылардың айтуынша, жаңартылатын энергия көздерінің дамуы ЖЭК әлемде 20 жыл бұрын күткенненде әлсіз жүруде, қазір олардың үлесі небәрі электр энергиясын өндіруде 5% ғана құрайды. Көмір электр энергиясын өндіру үшін негізгі қайнар көз болып қалады, оның үлесі-40%. Атап айтқанда, Қытайдағы электр энергияның 79%-ы және АҚШ электр энергияның 40%-ы көмірдің нәтижесінде өндіріледі.

Жаңартылатын энергия көздері болашақтағы энергетика құрылымында маңызды рөл алатын болады. Атап айтқанда, біздің зерттеулеріміз күн энергетикасының жарқын болашағы бар екенін көрсетті. Сонда да ЖЭК үшін мәселелер қатары қала береді. Африкада, Азияда және Латын Америкасында орасан зор қолданылмаған су энергетикалық әлеуеті бар,бірақ та ірі жобалардың бір қатары жергілікті қарсылықпен соқтығысып қалуды. Ерекше атап айтатын болсақ, Латын Америкасының биожанармай энергия саласында айтарлықтай әлеуеті бар-Кеңестің әлемдік энергетика жөніндегі бас хатшысы, Мемлекеттік политехникалық институттың халықаралық энергетикалық саясат жөніндегі профессоры Кристоф Фрай (Лозанна, Швейцария).

ӘЭК айтуынша, өткен жылы ЖЭК салынған таза қаражат көмірсутек энергия көздерінің сдамуына салынған 8 млрд қарсы 8 млрд-қа бағалануды.

ӘЭК 1923 жылы Ұлыбританияның және Европа және Солтүстік Американың өндірістік дамыған мемлекеттерінің іскерлік және энергетикалық топтарының бастамалары бойынша құрылған ең ірі халықаралық үкіметтік емес энергетикалық ұйым болып табылады.

Ақпарат көзі: greenevolution.ru

«« | »»
Соңғы жаңалықтар