EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесінің символы әлемде сфера түріндегі ең үлкен ғимарат болмақ

24.10.2013

6657

ЭКСПО-2017 көрмесінің символы әлемде сфера түріндегі ең үлкен ғимарат болады.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ЭКСПО-2017 көрме кешенінің эскиз-жобасын жасаған Adrian Smith+Gordon Gill Architecture компаниясының серіктесі Роберт Форест мәлім етті.

«ЭКСПО-2017 көрме кешенінің орталық ғимараты әлемде сфера түріндегі ең үлкен ғимарат болады. Онда көрме кезінде Қазақстанның павильоны орналасады. Үш қабатты ғимараттың диаметрі 150 метрге дейін жетеді, ал оның жалпы аумағы 24 мың шаршы метр болмақ», - дейді Р.Форест.

Оның айтуына қарағанда, Қазақстан ұсынған павильон ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін де еліміздің жаңа идеялар мен жетістіктерінің көрмесі ретінде қала бермек.

Ақпарат көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар