EXPO-2017

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық сәулеттік конкурсының қорытындылары шығарылады

22.10.2013

6204

Ертең, 22 қазанда Астанада «ЭКСПО-2017» көрме кешенінің үздік эскиз-идеясына халықаралық сәулет конкурсының қорытындылары шығарылады, деп хабарлады, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.

Елордада өтетін баспасөз мәслихатына «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, Конкурстың техникалық кеңесінің төрағасы Джереми Рифкин, сондай-ақ Adrian Smith + Gordon Gill Architecture сәулет компаниясының өкілдері қатысады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 16 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне әзірлік және оны өткізу мәселелеріне арналған кеңесте ЭКСПО-2017 көрме кешенінің сәулеттік эскизі мақұлданған болатын.

Adrian Smith+Gordon Gill Architecture әлемнің жетекші сәулеттік компанияларының бірі. Компания Дубайдағы Бурдж Халифа (БАӘ), Жиддадағы әлемдегі ең биік ғимарат - Кинг Тауер (Сауд Арабиясы) сияқты әлемдік ауқымдағы бірқатар жобаларды жүзеге асырды және жобалауда. Оның қоржынында қайтарымды энергия технологиялары пайдаланылатын «жасыл» құрылыс жобалары бар.

Конкурстың техникалық кеңесінің төрағасы Джереми Рифкиннің айтуынша, «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture жобасы орнықты даму және сәулеттік көркем келбеті жағынан да, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізгеннен кейін оны одан әрі пайдалану жағынан алып қалағанда да, неғұрлым пайдаға жарамды жоба» болмақ.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар