EXPO-2017

Париж қаласында қазақстандық делегация «ЭКСПО-2017» Тіркеу құжатын таныстырды

16.10.2013

6317

Париж қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р. Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Атқарушы комитет жұмысына қатысты.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

ҚР делегация жетекшісі 2013 жылдың 7 мамырында өткен Атқарушы комитеттің соңғы отырысынан кейінгі кезеңдегі атқарылған жұмыс туралы, сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне шетелдік қатысу бойынша жұмыс тобының қызметі туралы, Казақстанның ХКБ алдындағы міндеттемелерді орындауы және Көрмені ұйымдастырудың құқықтық негіздермен қамтамасыз етілуі туралы толық ақпарат жеткізді.

Жалпы, «ЭКСПО-2017» Комиссары қазақстандық тараптың Көрмені сапалы дайындау мен өткізу бойынша тиісті шаралардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ өкілдері қазіргі уақыттағы жұмыстың желісін, оның ішінде Тіркеу құжатының дайындық деңгейін және оның Көрме тақырыбы, іскерлік жоспар, коммуникациялық жоспар, коммерцияландыру жоспары, қаржы жоспары және көрмеден кейінгі қолдану сияқты тармақтарын таныстырды. Компанияның алдағы уақыттағы жоспарлары да талқыланды.

Таныстыру қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің басшылығы мен мүшелері «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық деңгейіне оң бағасын берді.

2014 жылдың маусымында 155-ші Бас Ассамблея отырысында Тіркеу құжатын мақұлдау, «ЭКСПО-2017» көрмесін ресми мойындау және ХКБ-ның туын алу жоспарлануда.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар