EXPO-2017

«Жасыл» экономиканы бірлесіп дамытамыз

02.02.2015

10072

Бангкок қаласында Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі елшісі Марат Есенбаевтың Таиланд Корольдігі Табиғи ресурстар және қоршаған орта министрі Даупонг Ратанасуванмен кездесуі өтті. Кездесу барысында экология мен «жасыл» экономика саласындағы Қазақстан – Таиланд ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы мен келешегі талқыланды.

Қазақстандық дипломат Таи­ланд­тың Табиғи ресурстар және қоршаған орта министріне Қазақстанның қа­зіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, Отанымыздың «жасыл» эконо­микаға көшуі бойынша тұжырым­дамасы, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне да­йын­дығы хақында хабардар етіп, Ел­ба­сының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары туралы айтып берді

Д.Ратанасуван Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен Президент Н.Ә.Назарбаевтың қоршаған ортаны қорғау бойынша көреген саясатынан үлкен әсер алғанын және екі ел басшыларына тән ортақ бір ерекшелік – болашақ ұрпақты, жастардың қамын және олардың жарқын болашағын ойлау болып табылатынын атап өтті.

Тай министрі Қазақстанның «жа­­сыл» экономиканы дамыту­ бо­йын­ша күш салуын, Қазақ­стан үкі­­ме­­тінің экологиялық жүйе­лер­ді қор­­ғау бойын­ша шараларын­ атап өтті. Атап айтқанда, Д.Рата­на­су­ван­­ Қазақстанның ормандарды қалпына келтіру мен құрғақ жер­лерді көгалдандыру саласындағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытты. Сондай-ақ, еліміздің тұрақ­ты даму саласындағы халықаралық бастамаларын жоғары бағалайтынын білдірді. Министр Таиландтың қа­зақ­стандық бастама болып табыла­тын «Жасыл көпір» серіктестік бағдар­ламасы шеңберіндегі Ынты­мақ­­тастық туралы хартияға жедел қосы­луға мүдделі екенін атап көрсетті.

Тараптар, сонымен қатар, су және энергия көздерін тиімді пайдалану, атап айтқанда, су басқару, транс­шекаралық өзендер, су тасқынының алдын алу және қалпына келтіру ша­ралары, жаңартылмалы энергия көз­дерін дамытуда тәжірибе алмасу туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Таиландтағы баламалы және жа­ңар­­­­тылмалы энергия көздерінің жалпы тұтыну мөлшеріндегі үлесі 6%-ды құ­райды. ЖЭК дамуының негізгі бағыты биомасса болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Таиландтың Табиғи ресурстар және қоршаған орта министрі тиісті кездесулер өткізу, экология мен тұрақты даму саласындағы Қазақстан – Таиланд ынтымақтастығының тәжі­рибелік мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстанға сапармен бару мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.

Дереккөзі: egemen.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар