EXPO-2017

Ұлыбритания ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруға өзіндік үлесін қосып отыр

17.06.2014

6878

ЭКСПО кезіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Ұлыбритания Лондон қаласында өткен Олимпиада кезіндегі қоғамдық қауіпсіздік сақтаудағы тәжрибесімен бөлісе алады. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Грег Куинн мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Ұлыбритания ЭКСПО көрмесіне өзіндік үлесін қосып келеді. «Green village» құрылысы кезінде британиялық дизайнерлер өз үлестерін қосты. Ұлыбритания Лондон қаласында өткен Олимпиада кезіндегі қоғамдық қауіпсіздік сақтаудағы тәжрибесімен бөлісе алады», - дейді Г.Куинн.
Елшілік өкілі «Жасыл» экономика секторы Ұлыбритания үшін маңызды екендігін жеткізді. Оның айтуынша, аталған сектор ел экономикасына миллиондаған қаржы әкеледі. Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту әлеуеті зор.Ұлыбританияда үй сатып алғанда, сатушы ол үйдің қаншалықты энергияны үнемдейтіні, экологияны жақсартуда қандай үлесі бар екендігі туралы есеп беруі тиіс.
«Ұлыбританияның жасыл экономиканы ендіру бойынша тәжірибесі мол. «Жасыл» экономиканы енгізуде кейбір қателіктер жіберілді. Біз Қазақстанның оны қайталамауы үшін жағдай жасаймыз», - деп түйіндеді Г.Куинн өз сөзін.
Ербол САРМУРЗИ

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар