КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Өзектi
11.06.2020  Алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орындары әлемнің үздік университеттерінің қатарына енді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында еліміздегі үздіктер қатарына кірген ЖОО-ның тізімі жарияланды.

QS Quacquarelli Symonds жоғары білім беру саласындағы сараптамалық агенттігі бүгін QS World University Rankings әлемнің үздік университеттерінің жыл сайынғы тізімін жариялады.
Қазақстандық жоо-лар аталған рейтингке 2014 жылдан бастап қатысып келеді.
Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаһандық рейтингте 165-ші орынға көтерілді. ҚазҰУ – әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны.
10 қазақстандық университет 1000 жоғары оқу орнынан тұратын әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне енді.
Оның ішінде 5 жоо соңғы жылда позициясын жақсартты. Соның ішінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті топ-400 қатарына еніп, әлем бойынша 357-ші орынға ие болды.
Сондай-ақ КИМЭП – биылғы рейтингке Қазақстаннан қосылған жаңа жоғары оқу орны.
Рейтингте біріктірілген сапалы көрсеткіштерге: түлектердің сұранысқа ие болуына, дайындығына, бәсекеге қабілеттілігі мен беделіне, ұлттық және әлемдік танымалдылығына, университеттің ғылыми мектептері (теоретикалық және қолданбалы) және қызмет бағыттарының, жетекші оқытушылардың тиімділігіне ерекше назар аударылады.
Сондықтан қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік академиялық рейтингтерге қатысуы – бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші, сондай-ақ сапаны арттырудың нәтижесі.


Рейтингтегі қазақстандық жоғары оқу орындар:
1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 165 орын,
2. Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ – 357 орын,
3. М.Әуезов атындағы ОҚМУ – 490 орын,
4. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – 541-550 орын,
5. ҚазҰАУ- 591-600 орын,
6. Абай атындағы ҚазҰПУ – 601-650 орын,
7. ҚБТУ – 751-800 орын,
8. КИМЭП – 751-800 орын
9. ҚарМТУ – 801-1000 орын,
• Абылайхан атындағы ҚазХБжӘТУ - 800-1000 орын.


Рейтингтің әдістемесі мынадай 6 көрсеткішті есептеу негізінде жүргізіледі:
1. Жоғары білім беру жүйесінің ғалымдары мен сарапшыларынан ЖОО қызметі туралы деректерді жинау жолымен есептелетін академиялық беделі - 40%.
2. Жұмыс берушілер арасында жоғары оқу орнының танымалдығы - 10%.
3. Профессорлық-оқытушылық құрамның студенттер санына деген арақатынасы - 20%
4. Scopus мәліметтері негізінде жүргізілетін ғылыми мақалалардың дәйек сөз келтіруі -20%
5. Шетел студенттердің үлесі – 5%.
6. Шетелдік оқытушылардың үлесі – 5%.
QS Quacquarelli Symonds жаһандық ғылыми-зерттеу кеңес беру орталығымен дайындалған QS World University Rankings әлемдік университет рейтингі әлемнің 1000 үздік университеттерін бағалайды. QS – әлемдегі ең танымал әрі жиі аталатын университтер туралы салыстырмалы ақпарат көзі.
Рейтингтің толық нұсқасын https://www.topuniversities.com/university-rankings/world-university-rankings/2021 сілтемесі арқылы көруге болады.


394
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019