КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Өзектi
04.06.2020  Министр халық алдында есеп берді

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдындағы есеп беру кездесуін онлайн форматта өткізді. Министрдің бұл бірінші онлайн кездесуі емес. Бұған дейін де жас ғалымдар кеңесімен, шетелде білім алып жатқан докторанттармен, ғалымдармен, мектеп директорларымен, қоғам белсенділерімен де тікелей байланыстағы кездесулер ұйымдастырылған болатын.
Асхат Аймағамбетов алғы сөзін Қазақстан Республикасының Рәміздер күнімен құттықтауымен бастады. Осы күнге дейін көптеген жұмыстардың атқарылғанын, оған еліміздегі 500-ге жуық әріптестерінің де үлесі зор екенін жеткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында белгілеп берген нақты тапсырмалары бойынша білім және ғылым саласында атқарылатын жұмыстарды бірге іске асыру қажеттігін алға тартты.
«Қорытындыланып отырған 2019 – 2020 оқу жылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюымен «Педагогтар мәртебесі туралы» білім мен ғылым саласындағы тұңғыш Заң және Үкіметтің мақұлдауымен Қазақстан Республикасының «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бұл құқықтық құжаттардың тарихи маңызы зор екені анық. Себебі, осы заңнамалар алға қойған басты мақсаттар мен міндеттерді шешуге көмектеседі», – деді Министр. Әсіресе мектептегі білім беру мәселелері мен ұстаздардың көкейінде жүрген сауалдарға байланысты шешімдер туралы толық мәліметтер берілді.
«Ғылымда да позитивті алға жылжулар бар. Ғылымды қаржыландыру көлемі екі есеге дейін артып отыр. Алдағы уақытта ғылымды қаржыландыруды жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына дейін жеткізу мақсаты тұр. Нақты ғылыми метрикалық көрсеткіштер негізінде Ұлттық ғылыми кеңестер құрамы жаңартылды. 2019 жылы ҰҒК туралы ережесі де жаңартылды. Қазіргі таңда ҰҒК отырыстарын онлайн түрінде, ашық дауыс беру арқылы өткізуді енгіздік. Десек те, бұл әлі де жеткіліксіз», – деген Асхат Аймағамбетов ҰҒК туралы ережеге жаңа толықтыруларды енгізу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын және оның кабинет қабырғасында ғана емес ғылыми қауымдастықтармен бірлесе отырып, шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ, биыл кезектен тыс гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ) конкурстарының жарияланғанын, жас ғалымдар арасында тағы да гранттық қаржыландыру бойынша конкурстың өтетінін айтып өтті. Бұдан бөлек Қазақстан ғылымының бірыңғай ақпараттық жүйесінің әзірленіп жатқанын алға тартты. Онда ғылыми қызметкерлердің деректер базасы мен ғылыми дәйексөздің қазақстандық индексі ұсынылатын болады.

Толқын Садырова
Қоғаммен байланыс бөлімі

382
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019