Өзектi

Ғалымдар бас қосты

17.04.2020

4175

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен ІІІ Орталық Азиялық тұрақты даму және инновациялар бойынша ғылыми форумы аясында онлайн-конференция болып өтті. Конференцияда бүгінгі күннің басты мәселесі – COVID-19 коронавирусымен күресу амалдары талқыланды.
Басқосуда алдыңғы қатардағы аға буын өкілдерімен бірге талантты жастар да медицина саласын жетілдіруге байланысты өз ойларын ортаға салған болатын. Өз кезегінде Қазақстан медициналық жастар қауымдастығының негізін қалаған, Кардифф университетінің PhD докторанты Мұхит Құлмағанбетов COVID-19-дың сыртқы мембранасын емдік үшін вакцина ретінде пайдаланып көруге болатынын тілге тиек етті.

- Әрбір адам өз мүмкіндігіне байланысты және қолынан келгенше қазіргі індетпен күресуде. Мен қазір не істей аламын? Қалай қол ұшын тигізуге болады? Осы сұрақтар мені қатты мазалайды. Бұл жерде мен жаңалық ашып жатқан жоқпын. Оның емін де вакцинасын да әлі ешкім тапқан жоқ. Алайда, ғылым саласында, медицина мамандығында жүрген соң өз идеямды ғалымдар, әріптестерімнің назарына ұсынып отырмын. Бірде болмаса бірде іске асып қалар деген ниеттемін, - дейді Мұхит.

Докторант бұл форумда ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Бас директоры Ерлан Раманқұловтың баяндамасының ұнағанын айтады. "Бұл кісінің жобасының мақсаты өсімдіктер вирусын пайдалана отырып, коронавирустың вакцинасын жасау болып табылады. Осындай ғалымдардың жұмыстары бізді қанаттандырады, нағыз мотиватор!"- деп ойымен бөлісті.
Конференцияда медицина саласынан басқа да гендерлік теңдік, роботты техника, білім, энергетика салалары бойынша тың тақырыптар ғалымдардың талқысына түсті.

Толқын Садырова

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар