Өзектi

Ғылыми техникалық жобаларды қабылдаудың электрондық жүйесі қолға алынбақ

09.11.2017

5541

Еліміз бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін есепке алу, яғни мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептер «ҰМҒТСО» АҚ-да жүргізілетіні мәлім. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тіркеуге Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған ғылыми жобалар бойынша орындалған 2500-ге жуық есептер қабылданды. Бұл туралы толығырақ «ҰМҒТАО» АҚ-ның Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің директоры Қамарсұлу Елеукеновадан сұраған болатынбыз.

- Ғылым комитетінен қаржыландырылған ғылыми жобалар есептері қанша пайызын құрап отыр?

- Қабылданған есептердің 70 пайызын Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінен бөлінген гаранттық және нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру аясындағы орындалған ғылыми жобалар есебі құрайды. Ал қалған 30 пайызы басқа да министрліктердің нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру аясындағы орындалған ғылыми жобалар есебінен тұрады. Қабылданған есептердің 62 пайызы 2015-2017 жылдар аралығында Гаранттық қаржыландыру аясында орындалған ғылыми жобалар туралы қорытынды, яғни 2017 жылы орындалу мерзімі аяқталатын есептер.

Мемлекеттік тіркеуден өткен есептерді, ғылыми ұйымдар, ғылыми зерттеу институттарының орындауларына байланысты қарастыратын болсақ, онда есептердің 47 пайызын Ғылыми зерттеу институттары, 28,6 пайызын Жоғарғы оқу орындары, 10,4 пайызын Ғылыми зерттеу орталықтары, ал қалған 14 пайызын басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалар орындаған.

- Қорытынды есеп бойынша ғылым салаларының үлес салмағы қанша болды?

- Есептердің ғылыми салалар бойынша орындалуына тоқталатын болсақ, басымдылықпен техникалық және қолданбалы ғылым салалары – 58,6 пайыз, ал жаратылыс және нақты ғылымдар – 21,4 пайыз, қоғамдық ғылымдар – 16,5 пайыз, ал жалпы салалық проблемалар – 3,5 пайызды еншілеп отыр. Қазіргі таңда әлі де есептерді қабылдау жүргізіліп жатыр.

- Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар туралы есептерді қабылдау жүйесінде қандай өзгерістер енгізу жоспарланып отыр?

- Келесі жылы, яғни 2018 жылдан бастап ғылыми жобалар туралы есептерді электрондық жүйеде қабылдау жоспарланып отыр. Бұл есепті тапсырушы мекемелер мен жеке тұлғалар үшін де тиімді болмақ. Бүгінде электронды жүйені тиімді құрудың алғышарттары жасалып жатыр.

Арайлым Бимендиева,

"ҰМҒТСО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар