Өзектi

Springer Nature Awards марапаттау рәсімі

28.09.2017

5496

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ мен халықаралық Springer Nature баспасы бірлесіп «Springer Nature open days» аясында Орталық Азия елдері және Қазақстан ұйымдарын және мақаласы жиі жарық көретін авторларды марапаттайтын жыл сайынғы Springer Nature Awards рәсіміне қатысуға шақырады.
Іс-шара аясында қазақстандық авторлар мен ғылыми журнал редакторларына арналған халықаралық шеберлік-сабағы ұйымдастырылады және бұл қазақстандық жарияланымдарды шетелдік рейтингі жоғары журналдарда жариялаумен қоса қазақстандық басылымдардың халықаралық баспа стандарттарына сәйкестігі мәселелеріне арналады.
Шетерлік-сабағын Nature Physics журналының редакторы Барт Верберк пен Springer Nature өкілі Ирина Александрова өткізеді.
Шеберлік-сабағының тақырыптары:
«Рейтингі жоғары журналдарда Қазақстан атынан жарық көретін ағылшын тіліндегі жарияланымдардың санын арттыру»;
«Қазақстандық журналдардың сапасын көтеру».
Іс-шара 2017 жылдың 6 қазанында Алматы қ. Бөгенбай батыр көшесі 221, конференц-залда, басталуы сағат 10.00, тіркеу сағат 09.00-ден басталады.
Іс-шараға қатысу үшін төменде көрсетілген мына сілтеме бойынша өтіңіз https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdEHIKMla01fiUNZ4jQBKXscaHu8sPDHV8obuaylYcvK4muAw/viewform.

Барлық сұрақтар бойынша тел.: +7 727 378 05 78, e-mail: 3780544@bk.ru.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар