Өзектi

Әділ ЫБРАЕВ, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының президенті: Озық инновация ғылымға емес, мемлекетке керек

26.10.2015

6184

Озық инновация ғылымға емес, мемлекетке керек «Қатарлы технологияны сатып алуға болады» деген пікірді қолдай бермеймін. Себебі, бірде-бір ел өздері пайдаланбай, жемісін көрмей жатып технологиясын сыртқа сатпайды.
Дамыған елдер, ең алдымен ғылым мен білімге инвестиция салады. Инновация ғылымға емес, мемлекетке, қоғамға керек. Ғылым елдің экономикасының дамуына қаншалықты үлес қосып отыр деген мәселе барлық елде өзекті.
Әзірге елде бұл сауалға нақты жауап жоқ. Статистика да үнсіз. Білім және ғылыми министрлігі 2014 жылы мемлекеттің ғылыми зерттеу­лерге бөлген қаржысы 66,4 млрд тең­геге жеткенін айтады. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жүздеген ғылыми бағдар­ламалар қаржыланды­рылды. Тек өткен жылы ғана 118 ғылыми еңбек өндіріске жол тартты. Бірақ бұл көрсеткіштер ғалымдарымыздың әлеуетімен салыстырғанда мардымсыз. Себебі, ғалымдары­мыздың басым көпшілігі нақты секторға не қажет екенін білмейді. Арадағы байланыс әлсіз. Екі тараптың дамуына тосқауыл болып тұрған кедергі осы. Біз мұны елде ғана емес, әлем­дік деңгейде бәсе­кеге қабі­летті ғылыми бағыттағы өндірісті қалыптастыру арқылы ғана жоя аламыз.
Еуропа және Азия елдері үшін біз айтып отырған идея жаңалық емес. Олар алдыңғы қатарлы тех­но­ло­гиялар шығаратын өндіріс орын­дарына бірінші кезекте басымдық берді. Қазір ол елдер үшін мұндай өндіріс орындары ұлттық жоба деп қабылданады. Біздің ғылымдары­мыз­дың әлеуеті осындай өндіріс орындарының негізі болуға әбден бо­лар еді. Бұл үшін ғылым мен өн­діріс арасын­дағы байланысты қа­лыпқа келтіру керек. Үкімет бірінші ке­зекте сырттан технология сатып алуға емес, ғалымдарының мүмкін­дігіне көңіл бөлсе екен деймін. Бірақ әзірге мұндай ұсыныс тек бір жақты ғана айтылуда. Себебі, қаржылан­дырудың мөлшері де, зерттеу бағы­тының нәтижесі қаржыландыру мен бақылаудың нәтижесі немесе пәр­меніне емес, институттық құ­ры­­лым­дардың жұмысына байла­нысты. Талантты һәм жас ға­лым­да­ры­мыздың өзі бір мезгілде ғылым мен оны өндіріске енгізумен айналысуға мүмкіндігі жоқ. Бұл үшін соған сәйкес құры­лым және ма­мандар болуы қажет. Сондықтан үкі­меттік деңгейде тәжірибелік-өндірістік базаларды ашу туралы мәселені көтеретін кез келді. Онда тек тәжірибе ғана емес, ғылыми жобаны өндіріске енгізудің де мүмкіндіктерін қарас­тыруға болады. Мұндай орталық­тарды жұмыс істеп тұрған кәсіп­орындардың жанынан ашуға болар еді. Бұл тәжірибе әлемдік ғылыми ортаға жат емес. Мысалы, Норвегияда жергілікті нарықта жұмыс істеп жатқан шетелдік корпорациялар бірінші кезекте сол елдің технологиясымен хабардар болуы тиіс. Жергілікті ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми жобаларына басымдық беріледі. Оны қаржыландыратын инвес­торлар Үкімет тарапынан салық жеңіл­діктері мен преферен­цияға ие болады. Таратып айт­қанда, Норвегия мұндай жағдайда қосымша құн салығын 18-20 пайызға дейін төмендетуге дайын.
2015 жылдың аяғына дейін Ғы­лыми-техникалық қызметті коммер­цияландыру туралы заң қабылда­нады. Бұл ғылыми ортаға жаңалық әкелетіні даусыз. Мен болашақ заң жобасына біраз ұсыныстар айтқым келеді. Себебі, бізде «ғылым – өндіріс – нарық» деген түсінік әзірге тек ғалым­дардың идеясынан әрі асқан жоқ, мемлекеттік тұрғыда толыққанды жүйеленбеген. Белоруссияда бұл міндетті Ғылым мен технология комитеті атқарып отыр. Нәтижесі – Белоруссия ЕЭО дайын өнімдер экспортынан алдың­ғы қатарға алып шықты.
Мұндай жағдайда мемлекеттік тұрғыда реттеп, үйлестіріп отыра­тын құрылым қажет деп ойлаймын. Әзірге «Ұлттық ғылыми-техни­калық» ақпарат орталығы ғылыми орта үшін біріктіруші-үйлестіруші міндетін атқарып отыр. Бізге ғылым – өндіріс – нарық арасын­да­ғы байланысты жүйелендіріп оты­ратын орталықты ашатын кез келді.

Дереккөзі: aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар