Қазақстандық ғылыми баспалар / «Тұран»

«Тұран» университеті хабаршысы 1999 жылдан бері тоқсанға бір рет шығарылады
Париждегі ISSN Халықаралық орталығымен берілген ISSN 1562-2959 тіркеу нөмірі. Шығарылу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Жазылу индексі – 75665. 1999-2012 (қазан) жылдар аралығында журналдың 55 саны жарық көрді. Журнал ғылым, білім, іскерлік әлемінің өкілдері саласының қызметкерлерінің кең аясына арналған.

Журналдың беттерінде қоғам дамуының, республиканың тұрақты дамуын қамтамасыздандырудың, білім сапасын көтерудің, республика азаматтарының әлеуметтік қорғалуының өзекті мәселелері талқыланады және талданады.

Журнал қызметінің ең маңызды принципі – тұтастылық принципі- ғылымның, білімнің және іскерлік өмірдің мызғымас бірлігі, сонымен қатар жарияланатын материалдардың қолданбалы бағыты. Осыған байланысты журналда әртүрлі сұрақтар бойынша материалдар орналастырылады. Бұл мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясаты, тиімді және бәсекеге қабілетті заманауи өндірістің өсуі, ақпаратық технологияның дамуы, экономиканы құрайтын ақпараттың өсуі, инновациялық дамудың қазақстандық үлгісінің біртұтастығын құру, әдіснама, теория және білім мен оқытудың технологиясы.

Журнал таруының әртүрлілігі заманауи экономикалық мәселелердің кең ауқымы, өзекті құқықтық сұрақтар, туризм саласының даму сұрақтары, білім, ақпараттық технология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша іргелі теориялық материалдарды жарықтандыруға мүмкіндік береді. Олардың авторлары- Қазақстанның, таяу шығыс және қиыр шығыс мемлекеттерінің ірі ғалымдары.

Ғылыми журналдың ресми сайтына сілтеме: vestnik-turan.kz

5336