Айтулы шара

01.02.2018 Ұлттық ғылыми кеңес жұмысы қорытындыланды

Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде «2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған Конкурс қорытындысы туралы» брифинг болып өтті. Айтулы шараға ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов бастаған Ұлттық ғылыми кеңес (ҰҒК) төрағалары қатысты.
Қазақстанда ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға бағытталған ғылыми гранттарды бөлумен Ұлттық ғылыми кеңестер (ҰҒК) айналысатыны белгілі. Ал ҰҒК құрамын ҚР Үкіметі анықтап, бекітеді. ҰҒК ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрамына жатпайтын және оған бағынбайтын тәуелсіз, автономды жағдайда жұмыс істейді.
ҰҒК отырысында барлық 7 ғылыми бағыт бойынша конкурстық өтінімдер қаралып, нақты шешім шығарылды. Нәтижесінде ҚР БҒМ-ның гранттық қаржыландыруына – 4488 өтінім келген, оның 1096-сы немесе 25%-ы мақұлданды, бөлінген жалпы сома 9 532 210 998, 17 теңге. Ал ҚР БҒМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға – 312 өтінім келсе, оның 78-ін немесе 27,9%-ын қаржыландыру мақұлданды, бөлінген жалпы сома 7 979 657 000 теңге бөлінген.
ҰҒК гранттық қаржыландыруға ұсынылған өтінімдерге қатысты шешім қабылдап, сонымен қатар бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған ғылыми-техникалық бағдарламаларды қарастырады. Осылайша ҰҒК өтінімде көрсетілген сомма бойынша ғылыми жобаларды қаржыландырудың қажет, қажет емес екенін анықтайды.
Белгіленген Ережеге сәйкес салалық министрліктер мен ведомствлардың өтініші негізінде ҰҒК-нің құрамына өз өкілдерін енгізе алады. Осы ретте ҰҒК-нің ғалымдардан тұратын 51 пайызына қалған құрамына Ұлттық кәсіпкерлік палатаның өтініші негізінде еліміздегі бизнес қауымдастықтар, Ұлттық компания мен басқарушы холдингтің өкілдері мүше бола алады. Ал ҚР БҒМ өкілдері Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысына қатыспайды.
Ғылыми өтінімдерді қарастырудың 2 кезеңі белгіленген – бірінші кезеңде ғылыми жобаларға халақаралық сарапшалар баға берсе, екінші кезеңде ақырғы шешімді ҰҒК қабылдайды. Халықаралық сарапшылар ғылыми жобаларға жалпылама баға береді, ал ҰҒК ғылыми жобалардың әлеуетті мемлекеттік саясатпен қаншалықты үйлесетіндігін және жобаны мақсатын, оның қолданбалы бағытта іске асырудың мүмкіндігін ескеріп, шешім қабылдайды.
Ұлттық ғылыми кеңестің қалай өткені жайындағы бейнетаспаларды Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының сайтындағы http://www.ncste.kz/ru/content/itogi-zasedaniy-nns сілтемесінен көруге болады. Бұдан басқа ҰҒК ішінара мүдде қақтығыстарын болдырмау үшін «құпия» дауыс беру жүйесі енгізілгенін де айта кетуіміз керек.
Спикерлер айтуынша, алдағы уақытта ҰҒК мүшелері Дүниежүзілік банктің гранттық байқауын іске асыруға және «Ғылым қоры» АҚ-ның ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін коммерциялау ісіне қатысады. Сонымен қатар үстіміздегі жылы, яғни, 2018 жылы Мемлекет басшысының бастмасымен жас ғалымдарға берілетін гранттық байқауларды өткізу ісіне қатысады деп күтілуде.
Осы ретте өтінім берушілер ҰҒК шешімімен келіспеген жағдайда ҚР Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Ғылыми этика жөніндегі кеңестің кеңеске арызданып, шағымдана алатынын ескертеміз.
Бүгін БАҚ өкілдерімен кездескен ҰҒК мүшелері өздерінің ашық жағдайда жұмыс істеп, түрлі тараппен тікелей байланыс орнатып, кез келген мәселе бойынша түсініктеме беруге дайын екенін айтты.

Ұлттық ғылыми кеңес төрағаларының тізімі:
• Әбдікәрім Зейнуллин, «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы. karim_57@mail.ru karim_57@mail.ru , тел. 87775583768.
• Максим Здоровец, «Энергетика және машина жасау» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы. mzdorovets@gmail.com тел. 8 701 979 88 59.
• Мақсат Қалимолдаев, «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, ғылыми зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы. mnk@ipic.kz тел. 8(727)2723712; 87772319223.
• Серғазы Әдекенов, «Өмір туралы ғылым және денсаулық» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы. arglabin@phyto.kz тел. 77015337053.
• Геннадий Гамарник, «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы. Тел. 7 777 217 40 90.
• Асқар Нәметов, «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы. anametov@mail.ru Тел. 87017319210.
• Айгүл Төлембаева, «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпия белгісі жоқ)» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы. rapov-m.k@yandex.kz тел.көмекші 8 (7172) 76-49-01.
Ғылыми этика жөніндегі кеңестің (ҚР ҰҒА) үйлестірушісі Тимур Әпендиев. Тел. 87071151505. nanrk.mzh@mail.ru, timur.apendiev@mail.ru.


«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

2230
Қатысушылар
Қатысу