КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Айтулы шара
09.11.2016 «ИНДУСТРИАЛДЫ–ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ ЖОЛДАРЫ»

Технологиялық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің басын қосқан дөңгелек үстелде әңгіме өзегіне айналды.

Жиынды факультет деканы Әймен Әнуарбек алғы сөзімен ашып беріп, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламасының алғашқы бес жылдығында елімізде жүзеге асырылған жұмыстардың жай-күйімен таныстырды. –Қазақстан әу бастан ел экономикасын дамыту мәселесінде Сингапур мемлекетінің озық тәжірибесін алып келе жатыр. Небәрі 10-15 жылда халықтың әлеуеметтік жағдайын түзеп, дамуға қадам басқан мемлекеттік тәжірибесінен шынында көп нәрсе үйренуге болады. 2010 жылы біз үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламасын қабылдадық. Осы бағдарлама аясында өндіріс, өнеркәсіп салаларында біршама батыл қадамдар жасалды. Еркін экономикалық аймақ жобасы табысты жүзеге асырылды. Жамбыл облысының өзінде Тараз химия паркі секілді мегажобалар қолға алынды. «Еврохим», «Талас ИнвестКом», «ҚазФосфат» секілді ірі өндіріс ошақтары жұмыс қарқынын үдете түсті. Енді бұл өндіріс ошақтарының алға қойып отырған жобасын жүзеге асыру білікті маман керек. Елбасының өзі Тараз қаласына келген іс-сапарында бағдарлама шеңберінде Жамбыл өңірінде жасалатын жобаларға кадр дайындау мәселесімен Тараз мемлекеттік университетінің айналысатындығы туралы нақты тапсырма берген еді. Содан бергі уақыт ішінді біздің факультетке қарасты «Химия және химиялық технологиялар», «Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» кафедрасының студенттер жұмыс берушілермен кездесті –деді, Әнуарбек Талқаұлы.

Ал, «Қонақжайлылық индустриясының перспективтік бағыттарын дамыту» тақырыбында баяндама жасаған «Стандарттау, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» кафедрасының доценті міндетін атқарушы Майра Туралина статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, елімізде ұлттық нақышта безендірілген қонақ үйлердің жоқтығын айтып, өз ұсынысын енгізді. Ол бойынша кәсіпкерлерімізге ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде ұлттық нақышта безендірілген қонақ үйлер желісін ашу міндеті қойылмақ. Сол арқылы қазақ этнографиясын әлем жұртшылығын алдында паш ете алу мүмкіндігіне ие болуға болады.

3 курс студенті Айда Жылқыайдарова нан өнімдерінің сапасын арттыруда топинамбур ұнтағын пайдалану тәсілін ғылыми жоба ретінде таныстырды. Бұл технология бойынша нанның ұзақ мерзімге сақталу қабілетін арттыру, сыртқы келбетінің тәбет шақырып тұруына баса назар аударылады. Жиын соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

МЕДИА–ҚЫЗМЕТ

Дереккөзі: tarsu.kz

1395
Қатысушылар
Қатысу
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019