Айтулы шара

20.10.2016 ЕҰУ және Латвия ЖОО: негізгі басымдық – техникалық мамандықтар

2016 жылы 14 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Латвия Республикасынан арнайы делегация келді.
Шетелдік делегация құрамында Латвия Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Лига Леиня, Еуропалық одақ және халықаралық қатынастар министрлігіне қарасты саяси белсенділік және даму жөніндегі Департамент директорының орынбасары Анита Вахере-Абражуне, Латвия Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюро басшысы Андис Гейжанс, Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары Инга Граудиня болды.

Кездесу барысында Латвия Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Лига Леиня Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлемдік білім кеңістігіндегі жетістіктерін бағалай келіп, қысқа мерзімде сапалы әрі қарқынды дамуын сөз етті.

Сондай-ақ, меймандар университеттің Латвия жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық шеңберінде жүргізіп келе жатқан жұмыстарына тоқталды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазіргі таңда Латвия жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Олардың ішінде Физика және қатты дене институы, Бизнес және қаржы мектебі, Альберт колледжі, Рига техникалық университеті бар.

Еуразия ұлттық университеті Рига техникалық университетімен «Орталық Азияда инновацияны дамыту үшін «InnoLabs» жобасына қатысса, Латвия университетімен физика шеңберінде бірлескен ғылыми-зерттеу жобасын жүргізіп келеді. Екі жақ ғалымдарының одан өзге де атқарып жатқан игі жұмыстары жетерлік.

Сонымен қатар бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бойынша академиялық жолмен ынтымақтастық байланыста: кәсіби тәжірибе, қысқа және ұзақ мерзімге оқытушылардың тәжірибе алмасуы оңды жүзеге асуда. Жоғары білікті ғылыми-педагог кадрлар мен мамандар дайындау ісі де жүйелі қолға алынған. Мәселен, ЕҰУ және Альберт колледжі арасында бакалавриат және магистратура бойынша білім беру жүйесіндегі бірлескен қос дипломды бағдарлама бар.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті физика-техникалық факультетіне дәріс оқуға Латвия мемлекеттік университеті мен Альберт колледжінен арнайы профессорлар шақырылған.
Кездесуде Латвия делегациясы алдағы кезде ынтымақтастықты арттыра түсіп, жоғары білікті маман дайындау шеңберіндегі жұмысты бұдан да ширата түсетіндіктерін айтты.

Баспасөз қызметі

2009
Қатысушылар
Қатысу