Айтулы шара

20.10.2016 «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ» «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ»

2016 жылы 11 қарашада Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты базасында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференция жұмысына қатысуға Қазақтың тарихымен, Ұлы даланың ардақты перзенттерін насихаттаумен, қазақтың ұлт-азаттық күрестерінің тарихынан жаңа деректерді талдаумен, Алаш қайраткерлерінің еңбектерін зерттеуменжәне 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихымен айналысып жүрген, Тәуелсіздік құндылықтары мен Мәңгілік Ел болу идеясын ұрпақтар санасына сіңдіре білген тарих, әдебиет, саясаттану, мәдениет, тіл, педагогика және психология мамандарымен қатар басқа да зиялы қауым өкілдерін шақырамыз!

КОНФЕРЕНЦИЯ ТӨМЕНДЕГІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ:

* Ұлы дала және Мәңгілік ел: өткені мен болашағы;

* Қазақстандық қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени трансформациясының өзекті мәселелері: Тәуелсіздіктің 25 жылдық тәжірибесі ;

* Ұлы Дала перзенттерін Мәңгілік Ел болу идеясына баулудың этнопсихологиялық және этнопедагогикалық мәселелері;

* Тәуелсіздік тарихының әдеби-мәдени мұралардағы көрінісі.

Конференцияныңжұмыстілдері: қазақ, орыс, ағылшын

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ, ҰЯЛЫ ТЕЛ.,Е-MAIL:

160012., Шымкент қаласы, Байтурсынов к.,13, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 111 кабинет. Телефон: +7(7252) 21-03-70 – ғылыми- зерттеу бағдарламаларды сараптау бөлімі, Сугирбаева Гулжан Даулетбековна – 8-702-111-15-11, sugirbaeva@ mail.ru .

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

3097
Қатысушылар
Қатысу