Айтулы шара

18.04.2016 Ғылым мен өнерді ұштастырған жан

Бүгін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» ұжымы орталықтың белсенді ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты Юзефа Кульевскаяны 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, сый-құрметін көрсетті.
Жиын барысында сөз алған «ҰҒТАО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев орталықта ұзақ жыл жұмыс істеп келе жатқан Юзефа Кульевская отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқанын алға тартты.
– Сіздің табысты еңбек жолыңыз орталықтың жас мамандарына үлгі-өнеге болуда. Кез келген іске жауапкершілікпен қарап, ғылымды дамытуда орасан зор жұмыстар атқарып жүргеніңізді білеміз. Алдағы уақытта жұмысыңызға табыс тілейміз. Әрқашан биіктен көрініп, абырой-беделіңіз арта берсін, – деді Әділ Ыбыраев.


Бұдан кейін мерейтой иесін әріптестері Жомарт Қарабаев, Галина Улезько, Галина Жарковалар құттықтап, ақжарма тілектерін арнады. Юзефа Кульевская қол бос уақытында көңіл түкпіріндегі керемет көріністерді ақ қағаздың бетіне түсіріп, сурет салумен де айналысады. Ол бейнелеу өнерінде де қолтаңбасын айқындап, бірнеше рет сурет көрмелерін ұйымдастырып, арнайы католог шығарғанын айта кетуіміз керек. Бүгінде Юзефа Кульевскаяның туындылары «ҰҒТАО» АҚ-ның көркін келтіріп тұрғанын айта кетуіміз керек.
Осылайша орталық қызметкерлері ғылым мен өнерді құстың қос қанатындай қатар алып жүрген білікті маманды 70 жасқа толуымен шын жүректен құттықтады.
Жиын соңында көпшілікке Юзефа Кульевскаяның өмірі жайында сыр шертетін бейнеролик ұсынылды.


«ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

2848
Қатысушылар
Қатысу