Айтулы шара

29.09.2015 БҒМ басшысы Павлодар мемлекеттік университетінде «Болашақ» түлектерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бүгін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне барды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
Оның университетке сапары электр және жылу энергетикасы, аграрлық технология және микробиология, машина жасау және білімнің өзге де болашағы зор салаларындағы еңбектермен танысудан басталды.

А.Сәрінжіпов «Бизнес идеялардың инкубациясы» атты онлайн вебинарға барды. Оның модераторы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Круз қаласының Силикон жазығының жетекші сарапшысы Алексей Крол болды.

ПМУ-де, сонымен қатар, «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының түлектерімен екінші аймақтық кездесу өтті. Диалогқа 70 болашақтық, ЖОО-ның оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатысты.

Informal Networking Conference барысында қатысушылар отандық білім және ғылым жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын, оның экспорттық әлеуетінің мүмкіндіктері мен «Болашақ» бағдарламасының «100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы жаңа бастамаларын ортаға салды.

Пікірталас барысында министр болашақтықтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, беделді президенттік шәкіртақының иегерлерінің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асырудағы рөлін белгіледі.

Бұдан басқа, Аслан Сәрінжіпов Павлодар мемуниверситетінің «Ертіс» технопаркіне, сондай-ақ таяуда Халықаралық бағдарламаларды қолдау орталығы мен «Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның ақпараттық орталығына барды.

Сапар барысында министр С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің академиялық мәселелер жөніндегі жаңа проректорын таныстырды. Бұл қызметке «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының түлегі Гаухар Ахметова тағайындалған.

Министр сондай-ақ 500 адамға арналған студенттер жатақханасының құрылыс барысымен танысты.

Дереккөзі: inform.kz

2443
Қатысушылар
Қатысу