Айтулы шара

15.09.2015 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ұлыбританияның сауда және инвестициялар министрімен кездесті

14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов Ұлыбританияның сауда және инвестициялар министрі лорд Ф. Модпен кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері және Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі, Ұлыбритания және Британдық Кеңестің Сауда палатасының басшылары, ҚР БҒМ департаменттерінің басшылары қатысты. Кездесудің қатысушылары күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады: ҚР БҒМ мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің бизнес, инновациялар және дағдылар департаментінің арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумның мақсаттарын қолдауға Ұлыбританияның міндеттемелері; Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Жолдауын іске асыру үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қолдау; алдағы екі жыл барысында Ұлыбританияның қолдауы қажет болатын реформалар бойынша, ағымдағы негізгі басымдықтары мен реформалар саласын анықтау; «Ньютон-Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасын және оның қаржыландыру мәртебесін дамыту.

Қазіргі уақытта, ҚР БҒМ және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің бизнес, инновация және дағдылар департаментінің арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға сәйкес белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстанның Жоғары оқу орындарымен тиісті шарттар мен келісімдерге қол қойылды. ҚР БҒМ және Ұлыбританияның бизнес, инновациялар және дағдылар департаментінің арасында Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның жаңа жобасы әзірленген. Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, 2015 жылғы 3-4 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары аясында аталған Меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Ұлыбританиядағы сапары аясында жоғары оқу орындарының Қазақстан-Британдық форумын өткізу жоспарлануда.

Министр, Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы ТжКБ ұйымдарының өкілдеріне саяхат ұйымдастыру бойынша ұсыныс жариялады, саяхат барысында педагогтар «Колледж-ЖОО-кәсіпорын» оқытушылар жүйесі бойынша тәжірибесі бар ағылшындық жоғары оқу орындары мен колледждерді аралай алады және Қазақстанның индустрияландыруын дамыту үшін бұл тәжірибені соңынан қолдануға алады. Тараптар сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын – ғылыми зертханаларын - Халықаралық біліктілік талаптарына сәйкес жабдықтаудағы ағылшындықтардың қолдауын талқылады.

Кездесу соңында Аслан Сәрінжіпов Ұлыбритания мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге күш-жігерін салғаны үшін қонақтарға алғыс айтты.

Анықтама: Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ғылыми-техникалық достастық 1994 жылдан бастап дамуда. Шығыстану институтының Оксфорд ислам тексеру орталығымен бірге «Қазақстан мен Ұлыбританияның этникалық, діни және мәдени қарым-қатынасы: тарих және болашақ» атты халықаралық ғылыми жобасын жүзеге асыруда. Кембридж университеті жанындағы Орталық-Азия форумымен бірге «Шығыс және батыс өркениетінің әрекеттестігі: тарихи өткенге шолу және келешек» жиынтық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Микрология және вирусология институты Лид Университетінің жалпы және салыстырмалы биология институтымен бірге «Каспий теңізі итбалықтарының популяциясына әсер ететін сандық баға мен факторлар» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде, дәнді дақылдарды оқу саласы бойынша Джон Иннес Орталығымен, сонымен қатар Данди Университетімен өсімдіктерді криосақтау тексеріс саласында серіктестік жалғасуда. Ғылыми-техникалық ақпараттар Ұлттық орталығы Ұлыбританияның Инжиниринг және Технология институтымен InspecDirect базасына қазақстандық ғылыми журналдардың рефераттық ақпараттарын енгізу саласында қызмет істейді. «Ньютон – Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы институционалдық байланыс, ғылыми тәжірибелер, ғылыми семинарлар, пост-докторанттар үшін жинақылық бағдарлама, кәсіби даму және қарым-қатынас орталықтары бағыттары бойынша тепе-теңдік жағдайда ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыруды қолдайды.

Бүгінгі күнде «Болашақ» стипендиаттары Ұлыбританияда 910 адамды құрайды.

Дереккөзі: edu.gov.kz

2288
Қатысушылар
Қатысу