Айтулы шара

23.06.2015 Қазақстандық ғарышкер А.Айымбетовтің қыркүйек айында ХҒС-ына ұшуы бекітілді

Ғарышкерлерді даярлау орталығының ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты британдық әнші Сара Брайтманның орнына Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға қатысушы ретінде бекітті.
Бұл туралы ТАСС агенттігінің зымыран-ғарыш саласындағы дереккөзі хабарлады.

«Ведомствоаралық комиссияның шешімімен Айымбетов ХҒС-ына қысқа мерзімдік экспедициясының құрамына енгізілді. Оның дублері болып ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев тағайындалды», - деді агенттіктің сұхбаттасушысы. әңгімелесушісі.

Ғарышқа ұшуға үміткер болған ресейлік бизнесмен Федор Гальчев, әңгімелесушінің нақтылауынша, ғарышқа ұшу идеясынан бас тартқан жоқ, бірақ әзірге осындай сапарға шығуға жеткілікті түрде дайын емес екенін түсініп отыр.

Бұған дейін Росғарыш басшысы Игорь Комаров ТАСС агенттігіне ХҒС-на ұшудан бас тартқан Брайтманның орнына ұшатын адам таяу уақытта анықталатынын хабарлаған еді.

Айымбетов пен Гальчевтан басқа, "Союз ТМА-18М" кемесінде британдық әншінің орнына ұшу тәжірибесі болмаған Прокопьев үміткер болған.

"Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің Байқоңыр (Қазақстан) ғарыш айлағынан ұшуы 1 қыркүйекке жоспарланған. Айымбетовпен бір экипажда орбитаға ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен ұшады.

Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылғы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында туған.

Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "жоюшы-ұшқыш" мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Жоюшы-ұшқыш.

Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департаментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.

Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі (2014 жылдан).

2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті. 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.


Дереккөзі: kazinform.kz

2366
Қатысушылар
Қатысу