Айтулы шара

27.05.2015 ҰҒТАО – ғылым мен бизнестің арасындағы алтын көпір

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы қазақстандық стартаперлер, ғалымдар, инженерлер мен іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен екінші «Инновациялық көпір: ғылым және бизнес» деп аталатын Диалог алаңын өткізді. Бақосуда 30 инновациялық жоба кәсіпкерлердің назарына ұсынылды. Инновациялық жоба ұсынған ғалымдар орталықтың арнайы көрме залында өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрмесін ұйымдастырғанын да айта кетуіміз керек.


Шараға «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры Саябек Қанахин, iStartUp.kz сайтының негізін салушы, «Қазақстан стартап, инвестор сарапшыларының Қоғамдастығы» қоғамдық қорының президенті Константин Горожанкин, «ТАБЫС» венчурлік қоры тәуекел инвестициялық акционерлік қоры» АҚ президенті Олжас Сыздықов, Еуразиялық Одақтың ғылыми зерттеулер мен инновациялар бойынша «Көкжиек-2020» бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Камила Мағзиева, ҚР Азаматтық зерттеулер мен даму америкалық қорының (CRDF) өкілетті директоры Қанат Шакенов, Centras Venture Capital қоры президенті Тобыл Жылқыбаев, «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС директоры Кұрманғазы Омаров, Қазақстан Республикасы Банктер Ассоциациясы Атқарушы комитетінің басқарушы директорының орынбасары Әсия Тасболатова қатысты.

Көп қабатты желден қуат көзін өндіретін қондырғының макеті


Диалог алаңы стартаптардың ғылыми-техникалық жобаларына қаржы көздерін тарту, инновациялық саладағы субъектілер арасында келісімшарт жасалуына ықпал етуді көздейді. Бұл шараны «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ ұйымдастырып отыр.
Қатысушы тараптар іскерлік ортаның, инженерлік және ғылым-білім саласының, ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерциализациялау мәселелерін жан-жақты талқылады. Айта кетейік, диалог алаңының бірінші отырысы ағымдағы жылдың 18 наурызында өткен болатын.


Екінші Диалог алаңының қатысушылары перспективалық ғылыми-техникалық зерттемелерді жалпы қоғам мен экономиканы дамытудағы ғылым мен бизнес арасындағы әріптестік байланыстың формалары мен әдістері мәселелерін талдады. Инновациялық жобаны коммерциализациялау, жаңа зерттемелерді нарықта кәдеге жарату және тұтынушы үшін күрес көзқарастары тұрғысынан қаралып, нақтылы анықталған шектеулер мен өзекті мәселелері сөз болды. Машина жасау, фармацевтика, агросектор, медицина, IT-технология, биотехнология, химия өнеркәсібі, мұнай өндіру, энергетика және тау-кен ісі салаларындағы жобалар таныстырылды.

Қоғаммен байланыс бөілімі

2549
Қатысушылар
Қатысу