Айтулы шара

26.03.2014 Қарым-қатынас нығая түспек

Наурыз мерекесі қарсаңында Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы қызметкерлері Халықаралық Бизнес Академиясы ұжымымен кездесіп, екі жақты ықпалдастық қарым-қатынастың басым бағыттарын айқындады. «ҰҒТАО» мен ХБА арасында 2011 жылдан бері ықпалдастық қатынас орнатылған.
ХБА білім сапасы жағынан қазақстандық оқу орындарының арасында 29-шы, әлемдегі оқу орындарының арасында 9090-шы орында тұрған білім ордасы. Оқу орнының Даму және зерттеу орталығының директоры Светлана Шакированың айтуынша, мұнда дәріс беретін оқытушылардың біліктілік дәрежелері жоғары және ағылшын тілін меңгерген оқытушыларға жалақы артығымен төленеді. Бұл оқытушылардың әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне, білімін жетілдіріп, тәжірибесімен бөлісуге ықпал етеді. Жоғары кәсібилік, белсенділік пен әлеуметтік жауапкершіліктің арқасында оқу орнында дәріс беретін оқытушылардың ғылыми мақалалары шетелдік журналдарда жиі жарияланып, сілтемелік деңгейі арта түскен.
Бүгінде ХБА – дамудың стратегиялық бағыттарын айқындап, сол мақсатта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан оқу орындарының бірі. Дамудың стратегиялық бағыттарының қатарына білім беру бағдарламаларын, табыс орталықтарын жүйелі түрде дамыту, профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін арттыру, бизнес процесстерін жетілдіру, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпал ету және Орталық Азия консалтингісі нарығына шығу да бар.
ХБА қызметкерлері өз кезегінде «ҰҒТАО» ұжымына ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін арттырғаны үшін, яғни отандық ғалымдар еңбегінің шетелдік журналдарда еркін жариялануына ықпал еткеніне алғыс білдірді. «ҰҒТАО» Президенті Ә.Ибраев пен ХБА Президенті А.Қожахметов алда бірге атқарар жұмыстарды талқылап, екі жаққа тиімді жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

2187
Қатысушылар
Қатысу