Айтулы шара

27.01.2015 Биыл Дүниежүзілік Банкпен екі жобаны жүзеге асыру басталады - А. Сәрінжіпов

Дүниежүзілік Банк жастар ұйымдарын дамытуға қолдау жасайды. Бұл туралы Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Людмила Бутенкомен кездесуі алдында тілшілерге ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Дүниежүзілік Банкпен арада бірнеше жобаларымыз бар. Біріншісі, технологияларды коммерцияландыруға байланысты. Осы арқылы біз ғылыми ұйымдар мен ғалымдарға арнайы гранттарды беретін боламыз. Бұл тұрғыда отандық ғалымдарымыз нақты өнім мен технологияларды әзірлеп, нарыққа шығаруға қауқарлы болады»,-деді министр.

А. Сәрінжіповтің сөзіне қарағанда, екінші жоба кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамытуға негізделген. Сол жоба арқылы колледждерге қаржы мен гранттар бөлінбек. Осы бағыттағы қаржыға колледждер өздерінің бағдарламаларын және зертханаларын жетілдіріп, білім сапасын арттыруға мүмкіндік алады. Бұл бағытта 60-тан астам оқу орнына көмек берілді.

«Биыл екі жаңа жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Біріншісі, білім беру жүйесін дамытуға байланысты осы тұрғыда білім беру саласының ақпараттық құралдарын дамытуға қатысты ауқымды компоненттерді қамтитын болады. Осы арқылы біз Қазақстанда білім саласындағы ақпараттандыруды жетілдіруге көмек көрсету үшін сарапшыларды және Дүнижүзілік Банктің тәжірибесін тартқымыз келеді. Ал екіншісі, жастар саясатын дамытуға арналған. Бұнда да ДБ инфрақұрылымды жетілдіруге, жастар ұйымдарын дамытуда бізге қолдау жасайды. Бұл жоба грант түрінде қаржыландырылады, яғни ол займ емес»,-деді ҚР БҒМ басшысы.

«Атап айтқанда, биыл осы екі жобаны даярлап, Парламенттен ратификациядан өтсе, жобаларды іске асыруды ағымдағы жылы бастайтын боламыз»,-деп түйді ол.

Дереккөзі: inform.kz

2422
Қатысушылар
Қатысу