Айтулы шара

12.01.2015 Елімізде бағасы 42 теңге тұратын жанармай өндірілмек

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған Технологияларды коммерцияландыру орталығының бас директоры Дамир Егізбаев Қазақстанның қоңыр көмірінен бензин мен дизельді отын өндіру мәселесіне қатысты осындай мәлімдеме жасады.

- Біздің көмегімізбен, Қазақстанда технологияларды коммерцияландыру үдерісінен өтіп жатқан қаржыландырылған кейбір жобаларды мысалға келтірсек, ол былай: кең байтақ даламыздың қойнауында жатқан қоңыр көмірден бензин мен дизельді отын өндіру ісін қолға алудамыз. Бұл жобаны 2013 жылдан бері Көмір химиясы және технологиялар институты іске асыруда. Көмірді қайта өңдеу үдерісі дүние жүзі мамандарымен дайындалған, алайда қазақстандық ғалымдар бұл технологияны отандық қоңыр көмір ерекшеліктеріне сәйкес бейімдей отырып және технологиялық үдерісті шапшаңдатып жанармай бағасын төмендету бағытында талмай еңбектенуде.Сәтін салса, 2015 жылдың сәуірінде Ерейментау жанында әзірше тәулігіне 0,8 тонна қуаттылығымен «Сарыадыр» көмір кенінде шағын тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылмақ. Сұйық отынның бағасы 1 литріне 42 теңгені құрайтын болады. Бүгінгі күні, көмірден бензин және дизельді отын өндіру бойынша эксперименттік кешен жұмысының өнеркәсіптік өндірісіне 1 млн. АҚШ долларын жұмсауға дайын инвестор да табылып отыр, - деді Дамир Алтынбекұлы.

Сонымен қатар, ол жарқын жбалардың қатарында өнеркәсіптік объектілерде пайдаланылатын әмбебап оттан қорғайтын сұйықтықты жасау болып табылатындығын да атап өтті. Ал мұндай жобаны ҚБТУ ғалымдары ұсынған екен.

- Биылғы жылы Қазақстанда әмбебап оттан қорғайтын сұйықтықты жасаудың тұңғыш өндірісі басталмақ. Аталған сұйықтық уытты емес, шетелдік ұқсас сұйықтықтардан 1,5-3 есе арзан әрі пайдалану мерзімі 2-5 жыл орнына 7 жылды құрайды. Бүгінде оның әлеуетті сатып алушылары да табылып отыр. Ол таяу шетелдердің жиһаз фабрикалары. Сондай-ақ, оны өз еліміздің кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындары да алдын ала тәжірибе жасай отырып, сатып алуға өз келісімдерін берді, - дейді ол.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

Дереккөзі: baq.kz

2635
Қатысушылар
Қатысу