КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ғылыми жаңалықтар
30.09.2020  Қазақстан ғалымдары дәрі-дәрмектің дозасын дәл есептейтін ДНҚ-тест әзірледі

Қазақстан ғалымдары дәрі-дәрмектің жеке дозасын дәл есептейтін ДНҚ-тест әзірледі.

«ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханада биология ғылымдарының кандидаты Елена Жолдыбаеваның жетекшілігімен Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу кезінде кеңінен тағайындалатын «Варфарин» және «Плавикс» тромболитикалық препараттарының жеке дозасын таңдауға арналған жедел ДНҚ-тест әзірленді.

Әзірленген ДНҚ-тест пациенттің генетикалық талдауы негізінде дәрі-дәрмектің жеке дозасын дәл есептеуге мүмкіндік береді», - делінген Ғылым комитеті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, бұл препарат мөлшерден тыс дозалану қаупін айтарлықтай азайтады және тағайындалған дозаның жеткіліксіздігіне байланысты тиімсіз емді жояды.

Тест-жүйенің бірегейлігі – ол Қазақстанның кез келген диагностикалық зертханасында бар қолжетімді жабдықпен (нақты уақыт режиміндегі амплификатор) үйлеседі. Ал алыс шетелдерде осыған ұқсас жүйелер қымбат тұратын ДНҚ-чиптерді қолдану арқылы жұмыс істейді. Қазіргі таңда ДНҚ-тест Нұр-Сұлтан қаласы ауруханаларында емделіп жатқан науқастар үшін қолданылады. Ғалымдар бүкіл Қазақстанды қамтуды және өнеркәсіптік ауқымда ДНҚ тестерін жеткізуді жоспарлап отыр.

Дереккөзі: https://www.inform.kz/

282
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019