КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ғылыми жаңалықтар
01.06.2020  Ерасыл Ерланұлы: Қазақстанда біздің топ қана наноқабырғаларды алумен және зерттеумен айналысады

«Ғылым таппай мақтанба», – деген ұлы Абай. Ғылымды дамыта отырып, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарынан көріну біздің басты мақсатымыз. Бүгінде озық мемлекеттер наноматериалдармен жұмыс істейді. Соның ішіндегі көміртекті наноқабырғалар (carbon nanowalls) туралы естуіңіз бар ма? Бүгінгі сұқбатымызда Ерасыл Ерланұлы осы туралы әңгімелеп береді.


Ерасыл Ерланұлы 1994 жылдың 7 қаңтарында Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келгенімен, Алматы қаласында өскен. 2012 жылы әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетіне мемлекеттік грант аясында «Электроэнергетика» мамандығына оқуға түсіп, 2016 жылы үздік бітірген. Сол ЖОО «Наноматериалдар және нанотехнология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, қазір де өз білімін сол мамандықта PhD докторантурада жалғастыруда. «Ғылым номинациясы» бойынша тағайындалған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.


– Ерасыл, ғылыммен айналысуға не себеп болды?
– Мектеп қабырғасынан-ақ физика пәні мен үшін өте қызық болатын. Әсіресе эксперименттік жұмыстармен айналысқан ұнайтын. Сондықтан болар, олимпиадалаларға жиі қатысатынмын, жүлделі орындарды да иеленгенмін. Менің ойымша, барлығының бастауы сол кезде болған тәрізді. Оның үстіне студент кезімдегі куратор эдвайзерім – Ләззат Тастанбекқызы Ерімбетова да жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар жайлы әңгімелеп, ғылыми топтармен кездесулер ұйымдастыратын.
Ғылымның таусылмайтын құпиялары еріксіз өзіне тартты. Университетте 1 курстан кейін ҰҒА академигі, профессор, әл-Фариби атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаты, Т.Рамазановтың жетекшілігіндегі ғылыми топқа кіруді ұйғардым. Ол ғылыми топ плазма физикасын теориялық және эксперименттік жағынан зерттеумен айналысатын. Бүгінде бұл ғылыми топтың зерттеу шеңбері едәуір ұлғайған. Айта кетсек, наноматериалдар және нанотехнология, плазмалық технологиялар, кварк-глюонды плазма, ақпараттық технологиялармен айналысады.

– Қазіргі зерттеп жатқан тақырыбыңыз нанотехнология аясында болды ғой?
– Негізінде мен жан-жақты зерттеулермен айналысқанды ұнатамын. Өйткені ол адамның дамуына үлкен ықпал етеді. Қазіргі заман талабы да шығар. Себебі, новация бірнеше бағыттардың тоғысқан жерінде пайда болады. Негізінен плазмалық технологиялар, көміртекті наноматериалдар және нанотехнология бойынша жұмыстар жүргіземін. Бакалавр кезінен айналысып келе жатқан ақпараттық технологияларға қатысты жобада да өз үлесім бар.
Бүгінгі күні басты зерттеу жұмыстарым көміртекті наноқабырғалармен (улгеродные наностены – carbon nanowalls) тығыз байланысты. Көміртекті наноқабырғалар дегеніміз лабирантты құрылымды құрайтын вертикал орналасқан бірнеше графен парақшалары. Бұл наноматериал өзінің ерекше физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты келешекте көптеген өндірістерде қолданыс таппақ. Мысалы, суперконденсаторлар жасауда, оптикалық датчиктерде, абсолют қара дене ретінде және т.б. қолдануға болады. Көптеген елдерде бұл бағыт бойынша жұмыс істейтін арнайы ғылыми топтар бар. Солардың ішінде біздің де өз үлесіміз бен өзіндік ерекшелігіміз бар. Қазақстанда біздің топ қана аталған материалды алумен және зерттеумен айналысады.

Нанокеуекті алюминий мембранасындағы көміртекті наноқабырғалар


– Осы еңбегіңіз еліміздің өндірістік орындарына қандай да бір пайдасын тигізе ме?
– Бұл өте күрделі сұрақтардың бірі. Шындықты айту керек, біріншіден, біздің елімізді алып қарайтын болсақ, өндірісік орындар аса көп емес. Бар болған кездің өзіңде де олар жаңа технологияларды енгізуге дайын емес. Өйткені жаңа технологияны енгізу үлкен қаражатты талап етеді. Екіншіден, бүгінгі күні ғылым мен өндірістің байланысы өте әлсіз, ол барлығымызға аян.
Егер біздің зерттеулерге келетін болсақ, алдыңда атап өткенімдей, бірнеше ғылыми бағаттарымыз бар. Олардың ішінде бакалаврдан бастап айналысып келе жатқан ақпараттық технологияларға қатысты жоба – «Ғылым қоры» АҚ-нан грантты иеленіп, шағын өндірісті іске қосудамыз. Бұл жоба негізінен мектептерде электр және магнетизм курсы бойынша тәжірибелік жұмыстарды зерттеуге арналған кешенді даярлауға бағытталған.
Одан басқа, профессор М.Т. Габдуллиннің жетекшілігімен жасап жатқан жұмысымыз мұнай және газ саласындағы өзекті мәселе – сутегі коррозиясын шешуге арналған. Мұндағы зерттеу жұмысымыздың мақсаты көміртекті наноқұралымдар қосылған жаңа қабықша түзетін ингибиторлар жасау (пленкообразующие ингибиторы) болып табылады. Бұл зерттеулер өз қолданысын табады деген үміттеміз. Енді көміртекті наноқабырғаларға келетін болсақ, зерттеу жұмыстары бүгінгі күні толық аяқталған жоқ. Дегенмен, алынған нәтижелеріміз келешекте еліміз үшін үлкен пайдасын тигізеді деген ойдамыз.

– Қазіргі таңда білімді жастарымызға шет елдерден білім алуға шақыртулар көп. Сізге сондай ұсыныс келді ме?
– Егер мүмкіндік болса неге оқып келмеске. Айта кету керек, тек білім алуды ғана емес, шет елде жұмыс істеуді де жөн көретіндер көп. Бұл жайтқа көптеген факторлар әсер етеді. Біріншіден, ол адамның дамуына үлкен ықпал етеді. Егер шет елде болсаң, сен жаңа адамдармен қарым-қатынас орнатасың, одан бөлек біліміңді жетілдіресің. Өйткені әлемнің жетекші лабораторияларында ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік мол. Екіншіден, егер грант иесі болсаң, мейлі ол бакалавр, магистратура доктарантура болсын шет елде шәкіртақы біздікімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Шет елдердегі шәкіртақы студентке бір айға толығымен жеткілікті (егер ол грант иесі болса). Біздің елімізде шәкітрақы өте төмен, басқа аймақтан келіп оқып жатқан жастарға ол ақша бір айға тіпті жетпейді. Көп студенттердің ата-анасы қаржылай көмектеседі, кейбір студенттер оқудан тыс уақытында жұмыс істеуге мәжбүр. Осы қаржыға байланысты туындаған мәселе біздің еліміздің интеллектуалды потенциалының шет елдерге кетуіне алып келіп отыр. Мысалы, біздің елдегі докторанттардың шәкіртақысын Призидентіміздің тапсырмасы бойынша 100 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін өсірмек, ал шет мемлекеттерде ол қаржы бірнеше есе көп. Одан бөлек, біздің докторант шет елде кем дегенде 2 ай ғылыми тағылымдамадан өтуі тиіс. Оған қоса халықаралық конференцияларға қатысуы керек. Ал ол ғылыми тағылымдамаға бөлінген қаржы бар жоғы 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгені құрайды. Әрине, ол қаражат алыс жатқан шет елге баруға жеткіліксіз. Осы факторлардан кейін-ақ көптеген жас ғалымдар басқа елдерге кеткенді жөн көреді. Дегенмен біздің елімізде мемлекет басшысы ұстанған саясаттың арқасында жас ғалымдар жағдайы жақсарады деген үміттемін.
Өзімнің де магистратураны шет елде оқысам деген ойым болды. Тіпті Жапониядан ұсыныс та түскен болатын. Бірақ, одан бас тартуды жөн санадым. Себебі, аяқталмаған көптеген жоспарлар мен жобалар болған еді. Сол ғылыми жұмыстарды жалғастыруға бел будым. Қазіргі таңда да Research Gate және Mendeley платформаларында шет елдік институттардан, университеттерден көптеген ұсыныстар түсуде. Олар постдокқа немесе ғылыми қызметкер ретінде шақырады. Бірақ, менің бүгінгі алдыма қойған мақсатым – PhD докторантурамды бітіру. Сол себепті бас тартып отырмын.

– Шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасу бар ма?
– Қазіргі таңда менің ғылыми бағытым бойынша, бірнеше елдермен тәжірибе алмасып, халықаралық коллаборация жасаудамыз. Айта кететін болсақ, былтырғы жылы мен Жопонияда Нагоя университетіндегі Төмен температуралы плазмалық ғылым орталығында (Center for Low-temperature Plasma Sciences, Nagoya University) өзімнің шет елдік ғылыми жетекшімде ғылыми тағылымдамадан өттім. Ол көміртекті наноқабырғалар бойынша әлемнің үздік ғалымдарының бірі Хори Масару. Бірлесе жоспар құрып, өте жақсы эксперименттік нәтижелерге қол жеткіздік. Қазіргі таңда жоғары рейтингтегі журналдарда бірлескен мақалаларымыз да жарық көруде. Одан бөлек, сол ғылыми тағылымдамаға барған кезімде, Жапонияның Саппоро қаласында өткен XXXIV International Conference on Phenomena in Ionized Gases атты халықаралық конференцияға қатыстым. Сол кезде Францияның Эколь политехникалық университетіңдегі плазма физикасы лабораториясының (Laboratory Plasma Physics, Ecole Polytechnique) жетекші ғалымы, профессор С. Стариковская менің көміртекті наноқабарғаларға байланысты жасаған баяндамама қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Алдын ала эксперименттік жоспарларымызды талқылып, көміртекті наноқабырғаларды импульсты наносекундты плазмада электрод ретінде қолданысын зерттеуді ұйғардық. Ал 2019 жылдың желтоқсан айында сол лабораторияда бірлесе эксперименттік тәжірибелер жүргіздік. Ол алынған нәтижелерді бүгінде сараптамадан өткізу үстіндеміз, нәтижесіңде жоғары рейтингті журналда мақала шығару жоспарда бар.

Төмен температуралы плазмалық ғылым орталығындағы жұмыс барысы (Нагоя, Жапония)

Төмен температуралы плазмалық ғылым орталығы ұжымымен (Нагоя, Жапония)


– Сол рейтингісі жоғары журналдарда қазір қанша мақалаңыз жарық көрді?
– Жетекші ғылыми басылымдарда мақалаларымыз әрдайым жарияланып тұрады. Қазіргі таңда Web of Science халықаралық ақпараттық ресурсында 15, Scopus базасында 13 мақалам бар. Биылғы 2020 жылдың өзінде Applied Surface Science атты ғылыми журналда 3 мақаламыз жарық көрді. Ол журнал Q1 квартильді және Scopus бойынша процинтильі 93. Айта кету керек, ол мақаланың тек біреуі шет елдік жетекшіммен, қалған екеуінің нәтижелерін біз өз лабораториямызда алған болатынбыз.

Сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57201670225
http://apps.webofknowledge.com/CitationReport.doproduct=WOS&search_mode=CitationReport&SID=C31JnJM8VG9Sml9JbYf&page=1&cr_pqid=5&viewType=summary&colName=WOS

Сұқбаттасқан: Толқын Садырова

Қоғаммен байланыс бөлімі

689
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
10.06.2020 Индира Бейшова: Біздің зерттеулеріміз отандық ет бағытындағы ірі қара малдардың еттілігін, тұқымдық артықшылығын, сандық, сапалық белгілерін генетикалық маркерлеу негізінде ерекшеленеді
01.06.2020 Ерасыл Ерланұлы: Қазақстанда біздің топ қана наноқабырғаларды алумен және зерттеумен айналысады
20.05.2020 Досан Байгереев: Бұл жоба мұнай шығаратын өнеркәсіпте қолданбалы маңызы зор сүзу мәселелерін шешудің әдістерін жасауға бағытталған
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019