Ғылыми жаңалықтар

«Clarivate Analytics» үздік ғалымдарды марапатталды

18.11.2019

2752

«Clarivate Analytics» компаниясы отадық ғылымды көркейтуге атсалысып жүрген қазақстандық ғалымдар мен ұйымдарды марапаттау рәсімін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырды. Айта кетуіміз керек, еліміздегі жектеші оқу орын «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards – 2019» беделді жүлдесінің төрт номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. Шараға «Clarivate Analytics» компаниясының, ҚР Ұлттық ғылым академиясының басшылығы, ҚР БҒМ мен жоғары оқу орындарының, ғылыми-білім беру және іскерлік топтарының өкілдері, сондай-ақ беделді отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
Жыл сайын үздік ғалымдар, зерттеу ұйымдары мен ғылыми журналдар «Web of Science Award» халықаралық жүлделердің иегерлері атанатыны белгілі. «Web of Science Core Collection» әлемдегі 34 мыңнан астам журналдарды қамтитын ғылыми жұмыстар көшірілген жетекші деректер базасы болып табылады. Қазіргі уақытта бұл платформада қазақстандық ғалымдардың 25 мыңға жуық ғылыми жарияланымдар индекстеледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards – 2019» беделді жүлдесінің төрт номинациясы бойынша жеңімпазы атанып, өзінің ғылымдағы жетекші орынын тағы да дәлелдеді. Ол Q1 және Q2 квартилдері журналдардағы жарияланымдардың саны бойынша соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның ЖОО-ы арасында көшбасшы болғанын айта кетуіміз керек.
Тәуелсіз сыйлықты «Web of Science Core Collection» кірген ғылыми монографиялар авторы ретінде ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов иеленді. Көрнекті қазақстандық ғалымның «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудегі математикалық әдістер және модельдер» ғылыми еңбегі ең көп сұранысқа ие болғанын айта кетуіміз керек.
Бұл монография экономика саласындаы Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш тарапынан жоғары бағаға ие болы, әлемдегі ең ірі «Springer Nature» баспасынан жарық көрді. Ол жоғары сұранысқа ие болған кітаптардың жиынтығына кірді, электронды түрде оны 15 мыңға жуық пайдаланушы жүктеген және үздік көрсеткіштердің бірі болып тұр. Жуырда ғана Жэньминь университеті жанындағы ҚХР жетекші баспасы монографияны қытай тіліне аударып, оның тұсаукесерін әлемдегі ең ірі Бейжің халықаралық кітап көрмесінде жасады.


ҚазҰУ-дің «International Journal of Biology and Chemistry» ғылыми журналы отандық мамандандырылған ғылыми басылымдар арасынан үздік шықты. «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша PhD докторы, ҚазҰУ постдокторанты Ж.А.Молдабеков танылды. Оның, «Web of Science Core Collection» деректер базасына кіретін, жоғары рейтингті басылымдарда 42 ғылыми мақаласы бар.
– Қазіргі таңда Қазақстанды ғылыми ынтмақтастық қарқынды дамуда. Соңғы уақыттары «Web of Science Core Collection» мәліметтер базасындағы қазақстандық ғалымдардың ғылыми мақала жариялау көрсеткіші бес есеге дейін артты. Ал аталған мәліметтер базасында енген ғылыми журналдардың саны 1-ден 12-ге дейін ұлғайғанын мақтанышпен айтуға болады. Сол сияқты Қазақстанда жарық көрген ғылыми кітаптар мен ғылыми конфаранцияларда мәліметтер базасында индексациялануда. Осы ретте Қазақстандағы ғылыми мекемелер арасында ҚазҰУ өте табысты жұмыс істеп келеді. Ғылыми жарияланымдар жағынан үлкен прогресс бар. Бұл – университет басшылығының үлкен еңбегі. Әрине, ҚазҰУ-дың орасан ғылыми әлеуеті бар, ғалымдарды қолдау және бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру бойынша бірлескен жұмыстарды дамыту біздің алдағы жоспарымыздың бірі болмақ, – деді «Clarivate Analytics» компаниясының Ресей мен ТМД елдеріндегі басқарушы директоры Олег Уткин.
Жиын барысында сөз алған ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов қазақстандық ғылыми журналдардың «Web of Science Core Collection» мәліметтер базасына енуі үлкен жеңіс екенін алға тартты. Орталық Азия елдері арасында мұндай жоғары нәтижеге қазіргі таңда Қазақстан ғана қол жеткізіп отырғанын алға тартты. Сонымен қатар майталман ғалым алдағы уақытта дүниежүзіндегі беделді ғылыми журналдарға Қазақстанның жас ғалымдарының да ғылыми мақалаларын шығарып, жеткен жетістікті еселей түсудің маңызы зор екенін алға тартты.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар