Ғылыми жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЖАРТЫ САҒАТТА ЕМДЕЙТІН ҚОНДЫРҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

11.09.2019

3489

Елімізде қатерлі ісік, ми тамырлары мен функционалды ауруларды емдеуге арналған "Гамма-пышақ" қондырғысы іске қосылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.​ "Елбасымыз Қазақстанның Еңбек ері мәртебелі атағымен марапаттаған, белгілі ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдадым. Қатерлі ісіктерді, ми тамырлары мен функционалды дерттерді емдеуге арналған "Гамма-пышақ" атты бірегей қондырғының жақында іске қосылатыны жөнінде мәлім етті", - деп жазды Тоқаев.

Бұған дейін Ақшолақов "гамма-пышақ" туралы Қазақстан нейрохирургтері IV конгресінің кулуарында айтқан еді. "Алдағы он жылда алдымызға мүлде басқа міндеттер қойып отырмыз. Бұл заманауи технологияларды енгізу, соның ішінде Gamma Knife (гамма-пышақ) радиохирургиялық әдісімен ми ісіктері мен ми қан тамырлары ауруларын емдеу. Бұл науқастарды компьютерлік әдіспен сәулелендіру. Науқас 30-40 минут ішінде жазылып кетеді. 2019 жылы бұл әдісті енгізуді көздеп отырмыз", - деген болатын ол "Казахстанская правда" басылымына берген сұқбатында.

Дереккөзі: turkystan.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар