Ғылыми жаңалықтар

«БОЛАШАҚТЫҢ ҒАЛЫМДАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

11.07.2019

3756

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен мамыр айында «Болашақтың ғалымдары» атты жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылым салалары бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық байқауы өткен болатын.

Байқауда еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындарынан 200-ден аса жұмыс сарапқа түсіп, оның ішінде 20 жас ғалымның жұмысы үздік деп танылды.

Үздіктер қатарында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3-курс студенті Сатов Бейбіт Қайратұлы бар. Ол байқау жеңімпазы атанып, диплом және медальмен марапатталды. Бейбіт «Кәсіпорын қызметін геоақпараттық мәліметтер арқылы дамыту» тақырыбында ғылыми жұмыс жүргізіп, оң нәтижеге жеткен болатын.

Айта кетсек, аталмыш байқау 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жас ғалымдарды анықтауға мол септігін тигізетін аса маңызды байқаулардың бірі.

Білімімен басқалардан озып шыққан студентімізді жеңісімен құттықтаймыз!

АИДА КӨШЕРБАЕВА

ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ

2 КУРС СТУДЕНТІ

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар