Ғылыми жаңалықтар

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының ғалымдары дән сапасын технологиялық бағалау барысында бидайдың 17 үлгісін бөліп шығарды

29.05.2019

3906

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының Бидай селекциясы бөлімінің меңгерушісі, а.-ш.ғ.к. А.Т.Бабкеновтың жетекшілігімен ғалымдар жаздық бидайдың, өндірісте қолданылатындарынан өнімділігі және сапасы бойынша асып түсетін сорттар шығару мақсатында жаздық бидай бойынша 740 шағылыстыру комбинацияларын жүргізді. Зерттеу барысында биохимиялық экспресс-бағалау бойынша 4, ал биохимиялық бағалаудан 11 үлгі іріктелді. Иммунологиялық бағалау нәтижесінде қоңыр тат ауруына төзімді 18 үлгі, сабақ татына төзімді 7, септориозға төзімді 3 үлгі анықталды. Жасырын сабақты зиянкестеріне төзімді 7 үлгі ерекшеленді. Ақмола облысы жағдайында септориоз ауруының орташа дамуы тіркелді.
Дән сапасын технологиялық бағалау барысында бидайдың 17 үлгісі бөлініп шықты.
ПААГ көмегімен электрофарез әдісі бойынша жаздық жұмсақ бидайдың 21 үлгісіне талдау жүргізілді, нәтижесінде глиадин локусының алель құрамы негізінде генетикалық формулалар құрылды. Статистикалық мәліметтер, екінші гомелогикалық топтағы глиадин локустарының жоғары полиморфизмділігін және бірінші топта – төмен полиморфизмділігін көрсетті.
Әр түрлі жағдайларда өсіруден тұрақты өнімділік қалыптастырған жұмсақ бидайдың 26 үлгісі анықталды. Жаздық жұмсақ бидайдың Шортандинская 2012 және Целинная нива сорттары, жаздық қатты бидайдың Дамсинская янтарная және Лавина сорттары көбейтіліп, 39,1 тонна нағыз тұқым алынды. Жаздық жұмсақ бидайдың Шортандинская 2015 жаңа сортының экономикалық тиімділігі 7920, жаздық қатты бидайдың Лавина сортында – 11000 теңге/га құрады.
Бараев атындағы АШҒӨО селекциясының жаздық бидай сорттары 2015 жылы 3 690,6 мың га. жерде өңделген немесе Солтүстік Қазақстандағы жаздық бидайдың жалпы егіс көлемінің 39,3%-ы: Акмола 2 сорты 1 382,5 мың га, Астана сорты 1 297,8 мың га, Шортандинская 95 улучшенная сорты 650,5 мың га, Астана 2 сорты 159,8 мың га, Целина 50 – 75,1 мың га.
Мемлекеттік сорт сынауға жаздық жұмсақ бидайдың 1 сорты – Шортандинская 2015 жіберілді. 2014 жылы 14 мақала басылып шықты. 2 семинар-отырыс болды және 10 сағат дәрс оқылды. 1 ғылыми-тәжірибелік конференция мен 2 Танап күніне қатысу болды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар