Ғылыми жаңалықтар

«Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ғалымдары картоп, көкөніс және бақша дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын сұрыптады

23.05.2019

3869

«Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бас директоры, а.-ш.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Т.Е.Айтбаевтың ғылыми жетекшілігімен картоп, көкөніс және бақша дақылдарының жаңа, өнімділігі жоғары, күйзеліске төзімді, сапалық көрсеткіштері жоғары сорттары мен будандарын генетикалық-селекциялық жақсарту және биотехнология негізінде сұрыптау, оларды көбейту мен өндіріске енгізу үшін бастапқы және элиталы тұқым шаруашылықтарын қамтамасыз ету мақсатында зерттеу жүргізді.
Картоп селекциясы бойынша картоп өсімдігінің тез тозуына септігін тигізетін тау етегі аймағында шаруашылық бағалы белгілері бойынша (өнімділік, ауруларға төзімділік, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділік, ерте пісушілік) әлемдік коллекцияның 600 үлгісі бағаланды. Ата-аналық көщеттікте 40 будандастыру комбинациясы бойынша 2500 гүл шоғы будандастырылды. 1-ші жылғы өскіндер көшеттігінде 15000 өсімдік отырғызылып, олардан 1-ші жылғы будандар көшеттігіне біртүйнектер іріктеп алынды. Бірінші жылғы будандар көшеттігінде 600 үлгіден 210 будан іріктеліп алынды (көшеттікте отырғызылған үлгілердің 35,0%). Көшеттіктерде картоп будандарын сынау жұмыстары келесі көлемде жалғастырылды: 2-3 жылдық будандар - 200 үлгі; алдын-ала сортсынақ көшеттіктерінде - 70; негізгі сортсынақ көшеттігінде - 40; конкурстық сортсынақ көшеттігінде - 20; селекциялық көбейту көшеттігінде - 22 сорт, 38650 кг картоптың селекциялық материалы жиналып, қоймаға сақтауға қойылды. Картоптың 5 болашағы зор үлгісі өндірістік қайта өңдеуге жарамдылыққа және ұзақ уақыт сақталуға бағаланды. Мемлекеттік сортсынаққа және патентке картоптың 3 жаңа сорты берілді.
Картоп және көкөніс өсіретін мемлекеттерде ұқсас зерттеулердің барлығы картоп және көкөніс-бақша дақылдарының бәселеске қабілетті қазақстандық сорттарын шығару үшін дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерді қолданып жаңа генотиптерді және селекциялық процесстерді жетілдіру жолдарын үздіксіз іздеуге мәжбүрлейді.
Картоптың бірегей және элиталық тұқымын өндіруге арналған отырғызу материалы - шағын түйнектер жаппай өндіріледі. Картоптың отандық сорттарын шағын түйнектер түрінде жедел көбейту мен өндіріске енгізу картоп тұқымының сапасы мен көбею коэфициентін арттырып, республикадағы тұқым өндіретін шаруашылықтарды бірегей және элиталық тұқыммен қамтамасыз етеді.
Картоп сорттарын енгізу экономикалық тиімділігі 1 гектарға шаққанда 300-400 мын теге құрады. Көкөніс-бақша дақылдарының сорттарын енгізу экономикалық тиімділігі 1 гектарға шаққанда 50,0 мың тенгеден до 250,0 мың тенгеге дейін құрады.
Картоп тұқымының бастапқы шаруашылығында бірегей тұқым өндіруде шағын түйнектерді тұқымдық материал ретінде қолдану өнімділікті 28%-ға арттыратындығын, нәтижесінде экономикалық тиімділіктің 1 гектардан 580,0 мың теңгені құрайтындығын көрсетті.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар