Ғылыми жаңалықтар

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ғалымдары жер асты тау-кен жұмыстарын жүргізуді оңтайландыруға арналған жаңа ақпараттық технологияларды енгізді

16.05.2019

4234

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ғалымдары т.ғ.д., профессор С.М.Рахимбековтың жетекшілігімен жер асты тау-кен жұмыстарын жүргізуді оңтайландыруға арналған жаңа ақпараттық технологияларды енгізді.

Зерттеу жұмысының мақсаты – қазіргі заман талабына сай ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етілген, сыртқы орта жағдайын дер кезінде бағдарлай алатын ыңғайлы жаңа тау-кен технологиясын жасау болды. Зерттеу барысында жер асты пайдалы қазбалар нысаны талданды, аталған нысандарда тау-кен технологиясы және ақпараттық жүйе қолданылды.

Жұмыстың нәтижесі тау-кен технологиясының тиімді өлшемдерін пайдану арқылы пайдаға қол жеткізумен айқындалады, тау жұмыстарының қауіпсіз деңгейде өтуіне және пайда әкелуіне негіз болады.

Ғылыми жаңалығы – on-line жүйесіндегі технологияның басым бағыттарды іздестіру негізінде геологиялық-математикалық және экономикалық-математикалық үлгілеулерді жасаумен дәйектеледі.

Зерттеу жұмысы техникалық-экономикалық бағытта жоғары көрсеткішке ие, себебі өңдеуді ендіру елеулі шығынды қажет етпейді және өндіріс қызметкерлері тарапынан оңай меңгеріледі, бағдарламалық қамтамасыз етілу қиын емес, орыс тілінде, үлгілер тау-кен жағдайының құбылмалылығына тез бейімделеді, сондай-ақ технологиялық өлшемдердің үйлесімділігін іздестіру on-line жүйе арқылы жүргізіледі.

Геологтық зерттеу және геотехникалық өлшемдерінің көпшілігі құбылмалық дәрежесіне тәуелді екендігі белгілі, сондықтан аталған әдіс өз әсерін тигізетін мұндай факторларды қамтиды, көптеген қазба көздерінде технологияны оңтайландыру, сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияны қолдану оны пайдалану ауқымын кеңейтуге мүмкіндік жасайды.

Мұндай өңдеуді ендіру ешқандай қаржылай қажеттілікті туындатпайды. Жаңа ақпараттық технологияны ендіру алдағы уақытта кен орындарын зерттеуді жеделдетуге, олардың мүмкіндігін арттыруға, толықтай автоматтандыруға ықпал етеді.

Тау-кен ісінде кен жұмыстарын автоматтандыруды ендіруде кейбір қиындықтар бар, әсіресе геомеханикалық деректерді қосып алғанда,

сондықтан күрделі емес орысшаланған бағдарламамен қамтамасыз ету бәсекеге қабілетті.

«ҰМҒТСО» АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар