Ғылыми жаңалықтар

Жануарларға жүргізілетін ауырсыну процедуралары жөнінде зерттеу жүргізілді

30.01.2019

4164

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ғалымдары жануарлардың әр түрлеріндегі ауырудың шынайы және потенциалды қайнар көздерін және ауырсыну процедуралары кезінде анальгезиялық қорғаныштың қауіпсіз әдістерін зерттеді. Жоба жетекшісі в.ғ.к., ветеринарлық медицина кафедрасының доценті Р.М.Рыщанова.
Зерттеу жүргізу барысында азақстан Республикасында жануарларға жүргізілетін ауырсыну процедуралары, ауырсынуды жою мәліметтері, ветеринариялық тәжіребиеде қолданылатын анальгетикалық заттар жөнінде ақпарат сауалнама болып 3 тілде әзірленді. Сауалнаманы жасырын толтыру үшін сайт жасалды. Сонымен қатар жануарларға жүргізілетін ауырсыну процедуралары жөнінде мәліметтер жиналды.
Сауалнама көрсеткен ақпарат негізінде мал шаруашылығы және ветеринарлық тәжірибеде ауырсыну процедуралары кезінде ауыл шаруашылығы жануарларына ауырсынуды басатын препараттары қолданылмайтындығы анықталды.
Клиникалық зерттеу барысында бұзаулардың мүйізін кесу, піштіру және сиырлардың тұяғын өңдеу кезінде лидокаин мен кеторол қолданылды. Ауыру қанның морфологиялық көрсеткіштеріне әсер етпейді. Жануарларда ауыру дәрежесіне байланысты жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, ЭКГ көрсеткіштері жиілейді.
Зерттеу нәтижесінде емхана, ферма, шаруашылықтарда ауылшаруашылық жануарларға жүргізілетін ауырсыну процедуралары жөнінде мәліметтер жиналып, алынды. Қазақстанның Солтүстік аймақтарындағы шаруашылықтарында ауырсыну сезімін әлсірету немесе жоюға бағытталған жануарларды жансыздандыру күйіне баға берілді.
Зерттеу нәтижесі әртүрлі патологияларда жылқылар мен иттерде ауыруды басу үшін анальгетикалық препараттар арсеналын кеңейтуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері одан әрі ғылыми іздену үшін, сонымен қатар шаруашылықта және ветеринариялық тәжірибеде қолданылуы мүмкін.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар