Ғылыми жаңалықтар

МҰРАЖАЙҒА БАРУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ?

19.12.2018

4434

Күні кеше Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді.

Бұл мақалада мұражайларға ойып тұрып орын берілген. «Еуразия әлемі» сайыс клубында бас қосқан сарапшылар бұл ретте «Мұражай әлемі және мәдениеттер үндестігі: әріптестіктік заманауи тенденциялары» атты тақырыпты талқыға салды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша «Ұлы дала» мұражайының жобасын жасағанда осы саламен байланысты барлық мәдени бағыттарды жаңғырту қажет.

«Тарих ғылымы, сәулет өнері, өнертану, этнография саласы мұражай әлемімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл салалардың барлығы бір арнаға тоғыстыратын кез жетті» дейді ол.

Ал Ресейден келген тарихшы Дмитрий Березняковтың айтуынша Кеңес өкіметін көрмеген, Тәуелсіз елде ержеткен буын үшін мұражайлардың жаңа жәдігерлермен толықтыру қажет.

«Бүгінгі буынның талабы мен талғамы жоғары. Посткеңестік буын өз елінің арғы-бергі тарихын жете білуі үшін мұражай композиялары шынайы, тартымды негізде құрылуы керек», – дейді ол.

Өз кезегінде еліміздегі ЮНЕСКО орталығының директоры Ләйлә Ахметова 1990 жылдардың аяғы 2000 жылдардың басында Қазақстанда республикалық маңызы бар музейлер 13, мекемелік музейлер 5, облыстық музейлер 25, қалалық музейлер 31, аудандық музейлер 47, қорық музейлер 7, сонымен қатар мемориалдық музейлер 11 болғанын тілге тиек етті. Оның атап өткеніндей тарих жаңғырып, өткенге деген көзқарас өзгерген сайын музейлерге деген сұраныстар өсуде.

«Алайда мұражайлар сол сұраныс сай бола ала ма, жоқ па? Мәселе сонда. Мұражайға барудың өзі үлкен мәдениет. Алайда адам ол арадан іздегенін таба алмаса, қайтып ол жерге баруы екіталай» дейді ол.

Оның сөзін саясаттанушы Әділ Қаукенов та қостап отыр.

«Біздегі мұражайлардың ең үлкен мәселесі осында. Олар өзгермейді.

Бес, он жыл бұрынғы жәдігерлер көптеген мұражайларда орнынан қозғалмаған күйі әлі тұр. Ал мұндай мұражайлар көрерменінен айырылып тынуы мүмкін» дейді ол.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар