Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар жүзімнің өкпе қатерлі ісігіне қарсы пайдасын анықтады

12.10.2018

4335

Женева университетінің зерттеушілері жүзім құрамындағы ресвератрол табиғи компоненті өкпе қатерлі ісігіне қарсы күресу қасиетіне ие екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Daily сайтына сілтеме жасап. Зертеушілер мұндай тұжырымды темекі түтінінде бар канцероген әсеріне ұшыраған тышқандармен тәжірибе нәтижесінен кейін жасады. Олар кеміргіштерді емдеу үшін ресвератролды қолданған. Өкпенің қатерлі ісігіне қарсы фенолдық қосылыстың тиімділігі ауызға емес мұрынға құю арқылы анықталды. Экспериментке қатысушылар төрт топқа бөлінді: біріншілерге канцероген де, ресвератрол да берілмеді, ал екіншілерге бір мезгілде екі қоспа берілді, сонымен қатар екі тышқанға олардың бірі ғана берілді. "Ем" алған кеміргіштерде ісік мөлшері басқа топтағы жануарлармен салыстырғанда орта есеппен 45 пайызға азайған.

Дереккөзі: kaz.tengrinews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар