Ғылыми жаңалықтар

Жұлдыздар шоғыры мен олардың қосалқы жүйесінің динамикалық эволюциясы тексерілді

09.10.2018

4175

«Жұлдыз және ғаламшар жүйесін астрофизикалық зерттеу» бағдарламасы (В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты):
- астрофизикалық нысандардың бақылаушы мәліметтер базасы жасалды, аталмыш нысандардың айнымалылығының физикалық механизмі және астрофизикадағы газды дискілердің жаңа сандық қиын жүйесінің үлгісі, өзекті ғарыштық мәселелерді шешудің жаңа терориялық тәсілдері әзірленді:
- протоғаламшарлық тұман мен белсенді галактиканың ядросындағы жас жұлдыздардың газ-тозаңды қабыршақтағы физикалық үдерістері зерттелді;
- анықталған физикалық параметрлердің айнымалылығын шақыратын әртүрлі кеңістікті-уақытша масштабтағы стационарлық емес құбылыстар механизмі мен себебіне талдау жүргізілді;
- қос жүйедегі ақ ергежейлі және айнымалы жұлдыздарға фотометриялық зерттеу жүргізілді;
- әлсіз нысандарды бақылауға арналған екінші фотометриялық стандарттарды жасауға зерттеу жүргізілді;
- ыстық жұлдыздағы шаңтүзілу мен масса жоғалту зерттелді;
- көпкомпонентті жұлдыздар шоғыры және оның қосалқы жүйесінің динамикалық эволюциясы тексерілді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар