Ғылыми жаңалықтар

Ғарыштық техникалардың қосалқы жүйелері жасалды

01.10.2018

4093

«Жердің үстіңгі қабаты мен литосферадағы үдерістер мониторингінде ғарыштық технологияларды дамыту, оны жүргізуге элементтік база және аппаратура жасау, құрал-жабдықтарды, аппаратты-бағдарламалық құралдар мен ғарыштық техникалардың қосалқы жүйесін әзірлеу» бағдарламасы бойынша («Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ) әзірленді:
- бірінші кезекте егжей-тегжейлі геологиялық-іздеу жұмыстарына ұсынылған зерттелетін 7 аумақ терииториясын карта кешені әзірленді, оның ішінде рудоперспективті зерттеу территориясы (Кемпірсай массиві хромит кені) бөлінген 7 аумақтың кен байытудың кешенді картасы жасалды. Мұндай картаны жасау – қашықтықтан және геологиялық-геофизикалық мәліметтер негізінде замануи технологияларды қолданып жасау сөзсіз жаңа серпілісті бағыт;
- GPS мәліметтері бойынша жер үсті қозғалыстарының жылдамдығының мерзімді варияциясын бөлудің бірегей әдісі;
- табиғи экожүйе мониторингіне арналған ЖҚЗ мәліметтерінің тақырыптық шифрын анықтау әдісі әзірленді;
- күн батареясындағы атмосфералық аэроғарыштық аппараттар элементтерін жинау және дайындау технологиясы;
- метеорологиялық, жер үсті, картографиялық және ғарыштық мәліметтер үлгілеу әдісіне кешенді талдау жасау әдісін қолдана отырып тасқынның дамуы мен пайда болуының болжамды нәтижелерін бейнелеу үшін ТЖ ғарыштық мониторинг жағдаяттық орталығын ақпараттық-сараптамамен қамтамасыз ету;
- түтікті өзекші түріндегі беріктігі мен модульдігі жоғары көміртекті пластик алу технологиясын сипаттауға МЕМС 3.1105-84 сәйкес технологиялық нұсқаулық жасалды, радиожиілік спектры мониторингының серіктік жүйесінің инженерлік үлгісі, жердегі радиоэлектрлі құралдарды пайдаланатын, бақылау және басқару блогының имитациялық үлгісі және БББ наносерігінің тәжірибелік және жұлдызды құрылғының тәжірибелік үлгісін жасауға техникалық тапсырма берілді.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар