Ғылыми жаңалықтар

Елімізде машина жасауда инновациялық стартап-жоба әзірленді

25.09.2018

3864

«Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығында машина жасауды дамытудың негізі» («Қазақ ұлттық аграрлық университеті») бағдарламасы бойынша АШК ХСП-ның ауыл шаруашылығы машина жасауды жетілдіру туралы ұсыныстары әзірленді:
- АШК-ға арналған машина парктерінің жиынтығы бойынша болашағы зор машина технологиясын қолдану, ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарын өсіп-өндіруге және ауыл шаруашылығы өнімдерін алғашқы қайта өңдеу мен өндіруге арналған техникалық құралдар мен энергия үнемдейтін технологиялар кешеніне арналған машина кешендерін негіздеу; ауыл шаруашылығы техникаларын сынақтан өткізуді жетілдіру, сервистік қызмет көрсету технологияларын топтастыру, оны лизингке жеткізуді ұйымдастыру;
- отандық ауылшаруашылық машина жасауды дамытудың негізгі бағыттарын негіздеу және оның өндірістік, инновациялық, ғылыми-техникалық әлеуеті қарастырылып, ауыл шаруашылығына арналған техникаларды жасау бойынша ҒЗТКЖ тақырыптық жоспарларын қалыптастыру туралы ұсыныстар әзірленді;
- Қазақстанның АШК әсер ететін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық сынды ғаламдық қатерлер егжей-тегжейлі сарапталып, анықталды;
- нақты ғылым саласы мен технологияның өзгеріс болжамын АШК дәстүрлі және болашағы бар нарық тізімі ұсынылды, «Астықты сақтаудың сапасын арттыру үшін астық жинайтын комбайндағы бастырылған астық өнімдерін электромагнитті ынталандыру құрылғысының тәжірибелік үлгісін жасау» жобасының үлгісіндегі нарықты зерттеу нәтижелері көрсетілді;
- АШК ғылыми-техникалық саясатын жетілдіру және Болжамды іске асыру бойынша ұсыныстар келдітірді; Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы машина жасау саласындағы инновациялық сала және бизнеске арналған иннвациялық стартап-жобалар.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар