Ғылыми жаңалықтар

156 гектар жердің топырақ картасы жасалды

20.09.2018

4198

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуі мәнмәтініндегі суармалы егіншілікті тұрақты дамыту» бағдарламасы бойынша («Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты):
- зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған және қазіргі уақытта пайдаланылмай тұрған 156 гектер жер анықталды, соның 70 гектар жері сортаңдалмаған, яғни мелиорациялық іс-шараларсыз пайдалануға болады және 86 гектар жер, қарапайым мелиорациялық шаралар, ең бірінші кезекте, тұздан тазартуды қажет ететін айрықша хлоридті-сульфатты, сульфатты-хлоридті, сульфатты және хлоридті типтегі сортаңдалған. Зерттелген жерлер туралы мәліметтер бойынша топырақ картасы жасалды;
- қолданылған суармалы егіншілік әдісі қант қызылшасы тамырының өнімділігін 550-ден 1067 ц/га дейін арттыруға мүмкіндік береді. Іле Алатауының тау бөктеріндегі ашық-күрең топырақтарда өскен қызылша тамырлары әлдеқайда көп өнім берді. Тамшылата суару бойынша зерттелген әдістер ішіндегі ең тиімдісі топырақ бетін жұқа үлдірмен жабу, бұл жерде өнімділік 950 га-дан 1137 ц/га жетеді;
- Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кіші өзен бассейндеріндегі суармалы массивтердің аймақтануы нәтижесінде тамшылата суаруда қысымды реттеу жүйесін қолданудың мүмкіндік болатын аймағы белгіленді, олар: Жамбыл облысында – 1910 га; Алматы облысында – 31 925,64 га; Оңтүстік Қазақстан облысында – 50 628 га. Тамшылата суаруда қысымды реттеу жүйесін қолданудың мүмкіндік болатын аймағының жалпы көлемі үш облыс бойынша – 84 463 га құрайды;
- егістіктегі сынақ 2 тәжірибелік үлгіде ГЭУ-1КО жүргізілді. Далалық сынақтар «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның тәжірибелік алаңдарында: бірінші қондырғы – Алматы облысы Іле ауданы «Бақбақты» ауылына жақын жерде 15 мамырдан тамыз айы; екінші қондырғы – Алматы облысы қарасай ауданы «Көлді» ауылына жақын маңда 29 мамырдан тамызға дейін жүргізілді. Сынақ кезінде судың орташа сағаттық шығыны 4,03-тен 4,41 м3/ч аралығында, ал сорғышпен тұтынылған электр энергиясы 0,7-ден 0,8 кВт∙ч аралығында ауытқыды.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар